Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2015
Арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретіндегі қызметті жүзеге асыру туралы үлгі шарттарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1406 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 24.11.2015 жылғы № 941 Қаулысына сәйкес
«Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шарттарды бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.02.2015 жылғы № 223 Бұйрығын қараңыз
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңы 4-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1) Басқарушы компания мен арнайы экономикалық аймақ қатысушы арасындағы арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретіндегі қызметті жүзеге асыру туралы үлгі шарт;
2) Елорданың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік мекемесі мен арнайы экономикалық аймаққа қатысушы арасындағы арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретіндегі қызметті жүзеге асыру туралы үлгі шарт бекітілсін.
2. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органдары шартты дайындау және жасасу кезінде осы қаулының 1-тармағымен бекітілетін арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретіндегі қызметті жүзеге асыру туралы үлгі шарттардың ережелерін басшылыққа алсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 30 қарашадағы
 № 1406 қаулысымен
 бекітілген
Басқарушы компания мен арнайы экономикалық аймаққа қатысушы арасындағы арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретіндегі қызметті жүзеге асыру туралы үлгі шарт
      Бұдан әрі бірлесіп Тараптар, ал жеке-жеке Тарап деп аталатын, бұдан әрі «Басқарушы компания» деп аталатын _________________________
 атынан __________________________________________________________
              (жарғы, ереже, 20_ ж. «_»_____№ ____ сенімхат)
 негізінде әрекет ететін ____________________________________________,
               (шартқа қол қоятын тұлғаның т.а.ә. лауазымы)
 бір тараптан және бұдан әрі «Арнайы экономикалық аймаққа қатысушы» деп аталатын, _______________________________________________________
екінші тараптан Арнайы экономикалық аймақ қатысушысы ретіндегі қызметті жүзеге асыру туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
Полная версия
ИС BestProfi