Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.06.2015
Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1720 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.06.2015 жылғы № 449 Қаулысына сәйкес
«Акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Кеден одағы елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау таңбаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемені, есепті табыс ету, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу қағидаларын және қамтамасыз ету мөлшерін бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 29.12.2014 жылғы № 591 Бұйрығын қараңыз
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 30 желтоқсандағы
 № 1720 қаулысымен
 бекітілген
Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру қағидалары
1. Осы Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) алкоголь өніміне (шарап материалдары мен сыраны қоспағанда) (бұдан әрі - алкоголь өнімі) есепке алу-бақылау таңбаларын, сондай-ақ темекі өнімдеріне акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру тәртібін реттейді.
2. Есепке алу-бақылау таңбаларын (бұдан әрі - ЕБТ) алушылар:
1) алкоголь өнімін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
2) алкоголь өнімін Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;
3) борышкердің мүлкін (активтерін) өткізген кезде конкурстық және оңалтушы басқарушылар болып табылады.
Акциздік таңбаларды алушылар Қазақстан Республикасында темекі өнімдерін өндіру және (немесе) импорттау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, сондай-ақ борышкердің мүлкін (активтерін) өткізген кезде конкурстық және оңалтушы басқарушылар болып табылады.
3. ЕБТ немесе акциздік таңбалар (бұдан әрі - таңбалар) облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық органдарында (бұдан әрі - салық органдары) беріледі.
4. Таңбаларды жасап шығаруды, оларды салық органдарына жеткізуді және беруді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетімен (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен жасасқан шарттарға (келісімшарттарға) сәйкес ұйым (бұдан әрі - жеткізуші) жүзеге асырады.
2. Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру тәртібі Есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды алу және беру тәртібі
5. Алушылар сатып алған таңбалар иеліктен алынбайды және өзге жеке және заңды тұлғаларға берілмейді.
6. Алушылар жаңа күнтізбелік жыл басталғанға дейін 45 (қырық бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей ақпараттық жүйе арқылы салық органдарына осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша таңбалар жасап шығаруға өтінім (бұдан әрі - алдағы жылға өтінім) береді.
7. Салық органдары күнтізбелік 3 (үш) күннен аспайтын мерзімде ақпараттық жүйе арқылы алушылар табыс еткен алдағы жылға өтінімдерді келіседі.
Полная версия
ИС BestProfi