Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
"Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" гигиеналық нормативтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 201 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 754 Қаулысына сәйкес
"Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.02.2015 жылғы № 155 Бұйрығын қараңыз
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» гигиеналық нормативтері бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 3 ақпандағы
 № 201 қаулысымен
 бекітілген
«Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын
 санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
 гигиеналық нормативтері
1. Осы «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» гигиеналық нормативтері (бұдан әрі – нормативтер) меншік нысанына, ұйымдық-құқықтық нысанына, ведомстволық тиесілігіне қарамастан, қызметі радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеуге байланысты, заңды және жеке тұлғаларға арналған.
2. Жеке және заңды тұлғалар «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуірдегі Заңына сәйкес радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарының бұзылуына жауапты болады.
3. Оңтайландыру қағидатын іске асыру кезінде радиациялық қорғауға арналған шығыстарды негіздеу үшін 1 адам-Зиверт (бұдан әрі 1 ад - Зв) ұжымдық тиімді дозадағы сәулелену халық өмірінің шамамен 1 адам – Зв шығынына тең әлеуетті шығынға әкеп соғады деп қабылданады. Өмір жылының 1 адам - Зв шығынының ақшалай эквивалентінің шамасы ұлттық табыстың кемінде 1 жылдық бір адамға шаққандағы көлемінде белгіленеді.
4. Стохастикалық әсерлердің пайда болуының жеке және ұжымдық өмірлік тәуекелі тиісінше былай анықталады:
мұнда r, R – тиісінше жеке және ұжымдық өмірлік тәуекел; 
рi (Е)dЕ – i жеке адам үшін жылдық тиімді дозаны Е-ден Е+dЕ-ге дейiн алу ықтималдығы;
rE – бiр стохастикалық әсерге толыққанды өмір кезеңінің ұзақтығын орташа 15 жылға қысқартудың өмірлік тәуекел коэффициенті (өлімге әкеліп соқтыратын қатерлі iсiктен, маңызды тұқым қуалайтын әсерлерден және өлімге әкеліп соқтыратын қатерлі iсiктiң салдарларына зияны бойынша алып келетін өлімге әкеліп соқтырмайтын қатерлі ісіктен), мынаған тең:
 
өндірістік сәулелену үшін: жылына Е<200 милиЗиверт (бұдан әрі - мЗв/жыл) болғанда rE = 5,6 x 10-2 1/адам-Зв;
Е3 > 200 мЗв/жыл болғанда rE = 1,1 x 10-2 1/адам-Зв;
халықтың сәулеленуі үшін: Е<200 мЗв/жыл болғанда rE = 7,3 x 10-2 1/адам-Зв;
Е3 > 200 мЗв/жыл болғанда rE = 1,5 x 10-1 1/адам-Зв.
5. Жыл бойы сәулелену кезінде радиациялық қауiпсiздiк мақсаттары үшін детерминақияланған әсерлерден ауыр салдарлардың пайда болуы нәтижесінде толыққанды өмір кезеңі ұзақтығының жеке қысқару тәуекелі консервативті түрде мынаған тең:
Полная версия
ИС BestProfi