Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 19.02.2014
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 981 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 22.05.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 19.02.2014 жылғы № 116 Қаулысына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресімдеу кезінде «Қазақстан Республикасының құрама командасы» деген атауды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктерді аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
4) «Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға өмiр бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
5) «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» құрметтi атағы, «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi» құрметтi атағы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi, Қазақстан Республикасының спорт шеберi, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсі спорттық атақтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
6) «Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
7) «Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
8) «Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
9) «Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
11) «Cпорт шеберлігiне үміткер, бірiншi спорттық разряд, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, бірiншi санатты спорт төрешiсi» cпорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
12) «Екiншi және үшiншi, жасөспiрiмдер арасындағы бірiншi, екiншi және үшiншi, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 981 қаулысымен бекітілген
«Спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресімдеу кезінде «Қазақстан Республикасының құрама командасы» атауын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
Полная версия