Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 24.02.2014
"Мәдениет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 83 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1614 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 27.04.2014 жылдан бастап ҚР Үкiметiнiң 24.02.2014 жылғы № 140 Қаулысына сәйкес
1. «Мәдениет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 83 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 24, 343-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру»;
3) «Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу»;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Фильмге прокаттау куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
5-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Мемлекеттік қызметті алушы прокаттау куәлігін қағаз тасығышта алуға өтініш білдірген жағдайда, прокаттау куәлігі электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады және уәкілетті орган басшысының мөрімен және қолымен расталады.
Қағаз тасығышта берілген прокаттау куәлігі жоғалған немесе бүлінген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушының жазбаша сұранысы бойынша прокаттау куәлігі осы стандарттың 7-тармағында көрсетілген мерзімде қайта беріледі.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Мәдени құндылықтарды уақытша әкетуге және әкелуге рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Мыналардың:
1) «Әкетiлетiн және әкелiнетiн заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 24 қыркүйектегi № 976 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 53, 501-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 24 қыркүйектегi № 976 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 11 ақпандағы № 128 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 239-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1614 қаулысына 1-қосымша
Полная версия