Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 166 Жарлығы
Редакция 19.12.2022 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР Президентінің 19.12.2022 жылғы № 61 Жарлығымен (20.10.2011 ж. редакцияны қараңыз)
2) Қазақстан Республикасының прокуратура органдары қызметкерлері нысанды киімінің сипаттамасы және онымен қамтамасыз ету тәртібі бекітілсін.
2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 20 мамырдағы № 595 Жарлығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 қыркүйекте № 1061 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 51, 465-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2011 жылғы 20 қазандағы
 № 166 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының прокуратура органдары қызметкерлерінің
 АНТЫ
Ант алынып тасталды ҚР Президентінің 19.12.2022 жылғы № 61 Жарлығымен (20.10.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2011 жылғы 20 қазандағы
 № 166 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының прокуратура органдары қызметкерлері нысанды киімінің сипаттамасы және онымен қамтамасыз ету тәртібі
1-тарау. Нысанды киімді сипаттау кезінде пайдаланылатын ұғымдар
Осы қосымшада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
нысанды киім - прокуратура органдарының қызметкерлеріне киюге және құқық қорғау қызметіне тиістілігін айқындауға арналған, сипаттамаға сәйкес киім нысанының ерекшелік белгілері бойынша бірізділенген киім түрлері мен айырым белгілерінің жиынтығы;
ерекшелік белгілері - прокуратура органдарының қызметкерлері марапатталатын мемлекеттік және ведомстволық наградалар;
Полная версия
ИС BestProfi