Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.11.2007
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін тексеруді есепке алу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 1 наурыздағы N 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 17 наурызда тіркелді. N 2744
Күші жойылды ҚР Бас Прокурорының 14.11.2007. № 46 Бұйрығымен (16.05.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
#$: Бұйрықтың атауына, 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2006 жылғы 3 наурыздағы № 13 бұйрығымен.
Редакция 16.05.2007 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Шаруашылық субъектілердің қызметіне тексеру тағайындау жөніндегі актілерді тіркеу туралы статистикалық есептілікті әрі қарайғы жетілдіру және шаруашылық субъектілердің қызметін тексеруді тіркеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Заңымен сәйкестікке келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасының "Прокуратура туралы"  Заңының  11-бабы, 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып бұйырамын: 
1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін тексеруді есепке алу бойынша Нұсқаулық бекітілсін. 
2. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (Р.С.Хайруллин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 
3. Бұйрық барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, Бас әскери прокурорға, Астана, Алматы қалаларының, облыстар мен оларға теңестірілгендердің прокурорларына, Комитеттің аумақтық органдарының бастықтарына жіберілсін. 
1) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2002 жылдың 25 сәуіріндегі "Шаруашылық субъектілердің қызметіне жүргізілген барлық тексерулерді алғашқы есепке алу құжаттарын тапсыру және тіркеу тәртібі туралы" Ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2000 жылдың 29 желтоқсанындағы N 66  бұйрығын  жою туралы" N 27 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1867-нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетені, 2002 ж., N 29., 634-бет); 
2) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2002 жылдың 25 сәуіріндегі "Шаруашылық субъектілердің қызметін тексеруді есепке алудың статистикалық кәртішкесінің нысандарын және оған қоса 1-П нысаны бойынша талон-қосымшаны, "Шаруашылық субъектілердің қызметіне тексеру тағайындау жөніндегі актілерді тіркеу туралы" есептің нысандарын, кәртішкелер мен шаруашылық субъектілердің қызметіне тексеру тағайындау жөніндегі актілерді тіркеу журналын, "Шаруашылық субъектілердің қызметін тексеруді есепке алудың статистикалық кәртішкесін жүргізу тәртібі туралы" N 1-П нысаны бойынша нұсқаулықты, "Шаруашылық субъектілердің қызметіне тексеру тағайындау жөніндегі актілерді тіркеу туралы" есепті және кәртішкелер мен шаруашылық субъектілердің қызметіне тексеру тағайындау жөніндегі актілерді тіркеу журналын бекіту мен іске қосу, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2000 жылдың 29 желтоқсанындағы N 67 бұйрығын жою туралы" N 28  бұйрығы  (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1868-нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетені, 2002 ж., N 31., 654-бет). 
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін (М.Қ.Уәйісов). 
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер
 қызметін тексеруді есепке алу
 бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы
 Бас Прокурорының
 2004 жылдың 01 наурызындағы
 N 12 бұйрығымен бекітілген
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін   
  тексеруді есепке алу бойынша  
  Нұсқаулық 
#$: Нұсқаулықтың атауына өзгертулер енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2006 жылғы 3 наурыздағы № 13 бұйрығымен.
1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін тексеруді есепке алу бойынша осы Нұсқаулық (әрі қарай - Нұсқаулық) " Мемлекеттік құқықтық статистика  және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес орындалған және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне жүргізілген барлық тексерулерді белгілейді. 
#$: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2006 жылғы 3 наурыздағы № 13 бұйрығымен.
2. Шаруашылық жүргізуші субъектісінің қызметіне тексеру тағайындау жөніндегі актілерді тіркеу (әрі қарай - тексеру тағайындау жөніндегі акт) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің тиісті аумақтық органдарымен (әрі қарай - Уәкілетті орган) жүзеге асырылады. 
Қалалар мен аудандардың, әскери гарнизондар мен көліктік аймақтардың аумақтарына тексерулер тағайындау жөніндегі актілерді тіркеу тиісті Уәкілетті органдар бөлімшелерімен жүзеге асырылады. 
Уәкілетті органның және прокуратуралардың әскери немесе көліктік бөлімшелерінің болмауы жағдайында тексеру тағайындау туралы актілерді және ақпараттық есепке алу құжаттарын тіркеу  уәкілетті органның тиісті әскери немесе көліктік бөлімшесіне тіркеу күні немесе келесі күні берумен тиісті аумақтық уәкілетті органда жүзеге асырылады. 
: 2-тармақ өзгертілді ҚР Бас Прокурорының 2006 жылғы 3 наурыздағы № 13 бұйрығымен.
Полная версия
ИС BestProfi