Екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 24.02.2012
Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 7 қаулысы.
Қаулының күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2012 № 67 қаулысымен (29.11.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) Қаулының атауына өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 29.11.2010 № 172 қаулысымен (29.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз)(мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi Қолданушылардың назарына!!! Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
Редакция 29.11.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесі бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 29.11.2010 № 172 қаулысымен (29.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi)
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және оның қолданысы 2008 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
4. Стратегия және талдау департаменті (Г.А. Ділімбетова):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бiрлесiп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттіктің мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жеткiзсiн.
5. Төраға Қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымы Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
Төрайым
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 25 қаңтар N 7 қаулысымен бекітілген
Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесі
Ереженің атауына өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 29.11.2010 № 172 қаулысымен (29.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi)
Осы Ереже 1995 жылғы 31 тамыздағы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы " (бұдан әрі - Банктер туралы заң), 1997 жылғы 20 маусымдағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы " (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң), 2000 жылғы 18 желтоқсандағы "Сақтандыру қызметі туралы " (бұдан әрі - Сақтандыру туралы заң), 2003 жылғы 4 шілдедегі "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы (бұдан әрі - қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі) мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту, қайтарып алу тәртібін белгілейді.
кіріспе өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 29.11.2010 № 172 қаулысымен (29.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қаржы ұйымының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ірі қатысушы және қаржы ұйымының бірлескен ірі қатысушысы болып табылатын және бірлескен банк холдингі, сақтандыру холдингі болып табылатын тұлғалар ұғымдары тиісінше, Банктер туралы заңның 2 және 17-1-баптарымен, Сақтандыру туралы заңның 3 және 26-баптарымен және Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 1 және 36-1-баптарымен айқындалған.
1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 29.11.2010 № 172 қаулысымен (29.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi)
2. Банктің немесе банк холдингінің бірлескен ірі қатысушысының банктің дауыс беруші акцияларын тікелей немесе жанама иелену үлесі банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының көлеміне қарай есептеледі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірлескен ірі қатысушысының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің акцияларын тікелей немесе жанама иелену үлесі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беруші акцияларының көлеміне қарай есептеледі.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының бірлескен ірі қатысушысының ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын тікелей немесе жанама иелену үлесі ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беруші акцияларының көлеміне қарай есептеледі.
2-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 29.11.2010 № 172 қаулысымен (29.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi)
Полная версия