Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2015
Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 8 мамырдағы N 04.2-09/119 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 22 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5223 болып енгізілді.
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 189 Қаулысына сәйкес
Редакция 29.10.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізу болжамдалған немесе енгізілген эмитенттерге, сонымен қатар осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптар осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізу болжамдалған немесе енгізілген эмитенттерге, сонымен қатар осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптар туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі төрағасының 2006 жылғы 8 қыркүйектегі N 5 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4408 тіркелген, 2006 жылдың 20 қазанындағы N 254-255 (24508) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Даму департаменті:
1) Агенттіктің Заң басқармасымен бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне шаралар қабылдасын;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің, "Қазақстандық қор биржасы" акционерлік қоғамына және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің назарына жеткізсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік төрағасының бағыттаушы орынбасарына жүктелінсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
6. Осы бұйрықтың күшіне енуіне дейін Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне қосылған бағалы қағаздар осы бұйрықпен бекітілген бағалы қағаздардың тиісті листингілік санаттарына осы бұйрықтың күшіне енген күннен бастап бір ай өткеннен кейін аударылуы тиіс.
7. Осы бұйрық қосымшасының 8-12 тармақтарында қарастырылған талаптарға сәйкес келмейтін, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының "рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасына аударылатын болады.
8. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне тек осы бұйрық қосымшасының 8, 9 және 12-тармақтарында қарастырылған талаптарға сәйкес келетін борыштық бағалы қағаздар ғана қосылатын болады. 
Осы бұйрық қосымшасының 10, 11 тармақтарына сәйкес 2009 жылғы 31 желтоқсанына дейін Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне қосылған рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар өтеу күніне дейін Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің тиісті санатында қалатын болады.
8-тармаққа өзгеріc енгізілді - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының м.а. 03.08.2010 № 04.2-40/124 Бұйрығымен.
Полная версия
ИС BestProfi