Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.12.2015
Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттiк мекемелердiң кассаларындағы және ағымдағы шотындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің м.а. 2009 жылғы 6 тамыздағы N 331 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 28 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5760 болып енгізілді
Бұйрықтың атауына өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 28.12.2010 № 665 бұйрығымен (06.08.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 22 желтоқсаннан бастап ҚР Қаржы министрінің 20.11.2015 жылғы № 577 Бұйрығына сәйкес
Редакция 11.02.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылы 26 ақпандағы N 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 233-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттiк мекемелердiң кассаларындағы және карт-шоттарындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті (Ә.Н. Түсіпбеков) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және кейіннен заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы                    Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің м.а.
 2009 жылғы 6 тамыздағы
 N 331 бұйрығымен
 бекітілді
Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттік мекемелердің кассаларындағы және ағымдағы шотындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау ережесі
Ереженің атауында және барлық мәтіні бойынша «карт-шоттарындағы», «карт-шот» сөздер «ағымдағы шотындағы» «ағымдағы шот» сөздермен ауыстырылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2010 № 665 (06.08.2009 жылғы редакцияны қараңыз) бұйрығымен.(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Ереже кассалық операцияларды жүргiзудің, мемлекеттiк мекемелердің кассаларындағы және ағымдағы шотындағы (бұдан әрі – Ереже) кассалық операцияларды жүргізудің, мемлекеттік мекеменің корпоративтік төлем карточкасын қолдану арқылы есеп айырысуға рұқсат етілгендердің кассадағы қолма-қол ақша қалдығының лимитiн, сондай-ақ, қолма-қол ақшаның және кассалық тәртіптің сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге қажет талаптарды айқындаудың тәртiбiн белгiлейдi.
2. Мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақшаны екінші деңгейдегі банктерден немесе банк операцияларының тиісті түрлерін (бұдан әрі - Банк) жүзеге асырушы ұйымдардан алу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысымен бекітілген, Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде анықталған тәртіппен және чектер бойынша және (немесе) корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып жүзеге асырылады.
Қолма-қол ақшаны алу мемлекеттік мекеменің кассалық операцияларды жүргізу бойынша уәкілетті тұлғамен жүзеге асырылады. Мемлекеттік мекеменің кассалық операцияларды жүргізу бойынша уәкілетті тұлға – мемлекеттің мекеме бастығының бұйрығына сәйкес чектер бойынша және (немесе) корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып, кассалық операцияларды жүргізуді және кассадағы қолма-қол ақшаның сақталуын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын қызметкер.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысымен бекітілген, Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 203-тармағында қарастырылған жағдайда, банктің чектері бойынша мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы мен басқа да ақшалай төлемақыларды, сондай-ақ жеке тұлғаларға стипендиялар және басқа да төлемдерді төлеуге қолма-қол ақшаны алуға рұқсат етіледі.
Корпоративтік төлем карточкасын қолдану арқылы мемлекеттік мекемелердің шығыстары:
1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес, шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің мөлшерінде бюджет қаражатының және мемлекеттік мекеменің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан алынатын ақша;
2) айына 20 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мемлекеттік мекемелер үшін демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін ақша;
3) мемлекеттік мекемеге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың оны қайтарып алу немесе белгілі бір жағдайлар басталғанда тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға шектеусіз (ақшаны уақытша орналастыру шоты) аудару шартымен беретін ақша есебінен жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік мекеменің кассасындағы қолма-қол ақша қалдығының күн сайынғы лимиті мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспарының бекітілген жылдық сомасын ескере отырып, 151 "Ел iшiндегі iссапарлар мен қызметтiк сапарлар" және 152 "Елден тыс жерлерге iссапарлар мен қызметтік сапарлар" ерекшеліктері бойынша, мынадай шекте белгіленеді:
Полная версия
ИС BestProfi