1. «Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 6443 болып тіркелген, 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 370-371 (26214) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
"Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 577 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 желтоқсанда № 12455 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
«1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу ережесiнде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
«1. Осы Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – қағидала р) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейді.»;
«2. Мемлекеттік мекемелер бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілікті қалыптастыруды осы қағидаларда көзделген есептің нақты модельдерін анықтайтын есеп саясатына сәйкес жүзеге асырады.»;
«3. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:»;
«17. Мемлекеттік мекеме осы қағидаларға сәйкес бухгалтерлік есептің мемориалды-ордерлік нысаны бойынша бухгалтерлік есепті жүзеге асырады.»;
«46. Мемлекеттік мекеменің қолма-қол ақшаны екінші деңгейлі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар (әрі қарай – банк) арқылы алу Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде анықталған тәртіппен жүргізіледі (бұдан әрі - Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі) (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 9934 тіркелген).»;
Полная версия