Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.11.2020
Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 21 қарашадан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.10.2019 жылғы № ҚР ДСМ-175/2020 Бұйрығына сәйкес
Редакция 29.07.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
    «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5) және 9) тармақшаларына сәйкес әкімшілік деректерді жетілдіру және жинауды қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.09.2011 № 583 (23.11.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Бұйрығымен.(алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Стационарларда пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттамасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Стационарларда және амбулаториялық-емханалық ұйымдарда пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттамасы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Амбулаториялық-емханалық ұйымдарда пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттамасы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Басқа үлгідегі медициналық ұйымдарының медициналық есепке алу құжаттамасы;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Сот-медициналық сараптама ұйымдарының медициналық есепке алу құжаттамасы;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Медициналық ұйымдардың құрамындағы зертханалардың медициналық есепке алу құжаттамасы;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қан қызметі ұйымдарының медициналық есепке алу құжаттамасы бекітілсін;
8) осы бұйрыққа 7-1-қосымшаға сәйкес «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы (есепке алу) медициналық құжаттамаларының нысандарының тізбесі және оларды сақтау мерзімдері;
9) осы бұйрыққа 7-2-қосымшаға сәйкес Медициналық қызметтерді көрсету ақауларын есепке алу картасын.
#$1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.09.2011 № 583 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 28.06.2012 № 439 Бұйрықтарымен.(ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Облыстардың, Астана, Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша) және республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының, ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтардың басшылары осы бұйрықпен бекітілген бастапқы медициналық құжаттама нысандарын денсаулық сақтау ұйымдарына енгізсін және бастапқы статистикалық және әкімшілік деректердің құпиялылығын қамтамасыз етсін.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.09.2011 № 583 (23.11.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Бұйрығымен.(алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
7. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы                    Б. Садықов
Полная версия
ИС BestProfi