1. Қоса берілген:
Внимание! Документ утратил силу с 10.01.2011
Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасының нысаны мен жер қойнауын пайдаланушылар сатып алған тауарлар, жұмыстар және қызметтердің және кадрларда қазақстандық қамту бойынша міндеттемелерді орындау есебінің нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің м.а. 2010 жылғы 10 наурыздағы № 75 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 1 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6145 болып енгізілді
Күші жойылды ҚР Мұнай және газ министрінің м.а. 10.01.2011 № 3 Бұйрығымен. (10.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтарындағы Заңының 8-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Заң), БҰЙЫРАМЫН: қараңыз
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес тауарлар, жұмыстар және қызметтердің жылдық бағдарламасының № 1 нысаны;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар сатып алған тауарлар, жұмыстар және қызметтері туралы есебінің № 2 нысаны;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес кадрларда қазақстандық үлес бойынша міндеттемелерді орындау туралы есебінің № 3 нысаны бекітілсін.
2. Жер қойнауын пайдаланушылар:
1) жыл сайын, 1 ақпаннан кешіктірмей құзыретті органға жылдық сатып алуды жүргізуге жоспарланған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасын мемлекеттік және орыс тілдерінде осы бұйрықтағы № 1 нысанға сәйкес электрондық және қағаз тасымалдауышта Excel форматында ұсынсын;
2) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың он бесінші күніне дейін құзыретті органға сатып алған тауарлар, жұмыстар және қызметтер туралы есепті мемлекеттік және орыс тілдерінде осы бұйрықтағы № 2 нысанға сәйкес электрондық және қағаз тасымалдауышта
Excel форматында ұсынсын;
3) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың он бесінші күніне дейін құзыретті органға кадрдағы қазақстандық үлес бойынша міндеттемелерді орындау туралы есепті мемлекеттік және орыс тілдерінде осы бұйрықтағы № 3 нысанға сәйкес электрондық және қағаз тасымалдауышта Excel форматында ұсынсын.
3. Жер қойнауын пайдаланудағы тікелей инвестициялар департаментіне (Р.А. Алдашев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз ету тапсырылады.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы Қ.Б. Сафиновке жүктелсін.
5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң күшіне енеді.
Министрдің міндетін атқарушы Д. Тұрғанов
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 10 наурыздағы № 75 бұйрығына 1-қосымша
№ 1 нысан
20___жылға арналған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасы
Ақпаратты ұсынуға жауапты жер қойнауын пайдаланушының атауы, ЖСН, БСН, СТН-і:______________________________________________________
Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісінің тіркеу нөмірі | ӨСК бойынша ТЖҚ коды | Сатып алынатын ТЖҚ-ның атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы | Өлшеу бірлігінің коды | Жоспарланған сатып алулардың заттай көлемі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Тауарлар | ||||
Жұмыстар | ||||
Қызметтер |
Полная версия