Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.02.2016
Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу туралы өтініштердің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің м.а. 2010 жылғы 11 тамыздағы N 180 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 16 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6497 болып енгізілді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.02.2016 жылғы № 243 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 қаулысымен бекітілген Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу Ережесін 10 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркеліміне деректер қорын тіркеуге тіркелу өтінімінің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркеліміне бағдарламалық өнімді тіркеуге тіркелу өтінімінің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркеліміне интернет-ресурсты тіркеуге тіркелу өтінімінің нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркеліміне деректерді беру желісін тіркеуге тіркелу өтінімінің нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркеліміне ақпараттық есептеу құралдарын тіркеу үшін өтінімдердің нысандары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру департаменті (Қ.Б. Елеусізова) заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің вице-министр Сарсенов С.С. жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді және оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Байланыс және ақпарат
 министрінің
 2010 жылғы 11 тамыздағы
 № 180 бұйрығына
 1-қосымша
ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР МЕН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕЛІМІНЕ ДЕРЕКТЕР ҚОРЫН ТІРКЕУІ ТУРАЛЫ ӨТІНІМ
 
Деректер қорын тіркеу


Деректер қоры туралы мәліметтерді жаңалау
Тіркеу нөмірі
Мәліметтерді ұсынған күні

1. Деректер қорының сәйкестендірілген деректері
 
1. Атауы
2. Аббревиатура
3. Нұсқасы
4. Автоматтандырылған жүенің құрамына кіреді
2. Деректер қорының иесі туралы мәліметтер
1. Ұйымның атауы
2. Ведомствоның атауы
3. Иесінің мәртебесі
4. Басшысы
5. Мекен-жайы
6. Телефоны
7. Сайт
8. Факсы
9. E-mail
Полная версия
ИС BestProfi