Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.04.2014
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2011 жылғы 13 сәуірдегі
№ 127-ө бұйрығына
5-қосымша
5-қосымша күшін жойды 14.06.2014 жылдан бастап ҚР Еңбек халықты әлеуметтік қорғау министрінің 01.04.2014 жылғы № 139-ө Бұйрығына сәйкес
«Әлеуметтік қатерлер: еңбек ету қабілетінен айрылған; асыраушысынан айрылған; жұмысынан айрылған; жүктi болу мен босануға байланысты табысынан айрылған, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айрылған, баланы бiр жасқа толғанға дейiн күтуге байланысты табысынан айрылған жағдайларда әлеуметтік төлемдер тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету регламенті
5-қосымша өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.12.2012 жылғы № 468-ө-м Бұйрығымен (13.04.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1. Осы «Әлеуметтік қатерлер: еңбек ету қабілетінен айрылған; асыраушысынан айрылған; жұмысынан айрылған; жүктi болу мен босануға байланысты табысынан айрылған, жаңа туған баланы (балаларды) байланысты табысынан айрылған, баланы бiр жасқа толғанға дейiн күтуге байланысты табысынан айрылған жағдайларда әлеуметтік төлемдер тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету регламенті «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) – әлеуметтік аударымдар алымын жинауды және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болған асыраушысынан айрылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерін қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтік қатер жағдайы басталғанда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға төлемдер төлеуді жүргізетін заңды тұлға;
2) әлеуметтік төлемді алушы (бұдан әрі – алушы) – ол үшін Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген не оларды өзі төлеген және әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган оған қатысты әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешім шығарған жеке адам, ал міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда - қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелері;
3) әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді есепке алу жөніндегі уәкілетті ұйым – (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – өңірлерде құрылымдық бөлімшелері бар, міндетті әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді аударуды жүзеге асыратын, әлеуметтік аударымдар мен төлемдердің дербестендірілген, орталықтандырылған есебін жүргізетін мемлекеттік кәсіпорын;
4) уәкілетті ұйымның филиалы – уәкілетті ұйымның облыстық, Астана мен Алматы қалаларының филиалдары;
5) уәкілетті ұйымның бөлімшелері – уәкілетті ұйымның қалалық, аудандық бөлiмшелерi;
6) ОДҚ – уәкілетті ұйымның орталық дерекқоры;
7) әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган);
8) халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – орталық) - республикалық мемлекеттік кәсіпорын «жалғыз терезе» қағидаты бойынша өтініштер қабылдау мен құжаттарды беру жөнінде және (немесе) заңды тұлғаларды мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын;
9) мемлекеттік қызмет көрсету процесске қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – бұл мүдделі органдардың жауапты тұлғалары, ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері.
3. Мемлекеттік қызметті зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган көрсетеді, олардың мекенжайлары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 393 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік қатерлер: еңбек ету қабілетінен айрылған; асыраушысынан айрылған; жұмысынан айрылған; жүктi болу мен босануға байланысты табысынан айрылған, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айрылған, баланы бiр жасқа толғанға дейiн күтуге байланысты табысынан айрылған жағдайларда әлеуметтік төлемдер тағайындау» мемлекеттік қызмет Стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшада көрсетілген.
Өтініштерді қабылдау және рәсімделген құжаттарды беру уәкілетті ұйымның бөлімшесі және орталық арқылы асырылады, олардың мекенжайлары Стандартқа 1, 2-қосымшаларда көрсетілген.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
1) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 20, 21, 22, 23, 23-1, 23-2-баптарының, оның ішінде:
еңбек қабілетінен айрылған жағдайға – Заңның 21-бабы;
Полная версия
ИС BestProfi