1. Осы «Мүгедек баланы тәрбиелеуші анасына немесе әкесіне, бала асырап алушыға, қамқоршысына (қорғаншысына) жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
Внимание! Документ утратил силу с 01.04.2014
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 127-ө бұйрығына 9-қосымша
9-қосымша күшін жойды 14.06.2014 жылдан бастап ҚР Еңбек халықты әлеуметтік қорғау министрінің 01.04.2014 жылғы № 139-ө Бұйрығына сәйкес
«Мүгедек баланы тәрбиелеуші анасына немесе әкесіне, бала асырап алушыға, қамқоршысына (қорғаншысына) жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
Регламент 9-қосымшамен толықтырылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.12.2012 жылғы № 468-ө-м Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
2. Регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жәрдемақыны тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары;
2) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – бұл мүдделі органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері;
3) алушы - жәрдемақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы);
4) уәкілетті ұйым – арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемін жүзеге асыратын ұйым (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны);
5) уәкілетті ұйымның бөлімшелері – уәкілетті ұйымның қалалық, аудандық бөлімшелері;
6) уәкілетті ұйымның филиалы – уәкілетті ұйымның облыстық, Астана мен Алматы қалаларының филиалдары;
7) халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – орталық) – «жалғыз терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және құжаттарды беру жөнінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
8) ОДҚ – уәкілетті ұйымның орталықтандырылған дерекқоры.
3. Мемлекеттік қызметті жәрдемақыны тағайындау жөніндегі уәкілетті орган көрсетеді, олардың мекенжайлары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 393 «Мүгедек баланы тәрбиелеуші анасына немесе әкесіне, бала асырап алушыға, қамқоршысына (қорғаншысына) жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшада көрсетілген.
Өтініштерді қабылдау және рәсімделген құжаттарды беру уәкілетті ұйымның бөлімшесі және орталық арқылы асырылады, олардың мекенжайлары Стандартқа 1, 2-қосымшаларда көрсетілген.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет:
1) «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4 бабының 1-тармағының;
2) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-тармағының;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесінің 3-тарауының;
Полная версия

