«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 29.09.2012
Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 10 мамырдағы № 261 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 22 маусымда № 7028 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 09.10.2011 жылдан бастап ҚР Көлік және коммуникация министрінің 29.09.2012 № 654 бұйрығына сәйкес
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы А. Бектұров
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 10 маусымдағы № 261 бұйрығымен бекітілген
Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидасы
1. Жалпы ережелер
§ 1. Кіріспе
1. Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) темір жол көлігін пайдаланудың негізгі тәртібін және оларға қойылатын талаптардың қағидаттарын белгілейді.
2. Осы Қағида темір жол көлігінің барлық бөлімшелері мен қызметкерлері үшін қажетті болып табылады.
3. Осы Қағиданы орындау темір жол көлігінің барлық буындары жұмысының үйлесімділігін, темір жол ұйымдарының нақты және толассыз жұмыс істеуін және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
§ 2. Осы Қағидада пайдаланылатын терминдер
4. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) автоматты локомотив сигнал беру сигнал беру мен байланыстың дербес құралы ретінде (бұдан әрі - АЛСО) - аралықтағы поездар қозғалысы локомотив бағдаршамдарының сигналдары бойынша жүзеге асырылатын, ал бөлектенген пункттер блок-учаскелердің белгіленген шекаралары болып табылатын жүйе;
2) ауа аралығы (оқшаулағыш түйіндесу) - түйіспе желісінің шектес учаскелерінің электр оқшауламасымен түйіндесуі (ток айырық). Оқшаулағыш түйіндесу электр жылжымалы құрамның ток қабылдағышы өткен кезде түйіндесетін учаскелер электрмен жалғасатындай етіп орындалады;
3) аз әрекетті учаскелер - жолаушылар және жүк поездарының (қосындысында) кесте бойынша қозғалыс мөлшері тәулігіне 8 жұптан аспайтын учаскелер;
Полная версия