Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 116-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025
Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 22 қыркүйекте № 7197 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 20.01.2016 жылғы № 22 Бұйрығына сәйкес (20.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 16.02.2016 жылы тіркелді Осы Бұйрықтың 9-тармағының орыс тілдегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермеді ҚР Қаржы министрінің 13.09.2016 жылғы № 491 Бұйрығына сәйкес Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес
Редакция 10.01.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2. Мыналар:
1) «Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын ұйымдарында активтерді, материалдық запастарды, ақшаларды, есеп айырысуларды және басқа да баланс баптарына түгендемені жүргізудің тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті директорының 1998 жылғы 23 шілдедегі № 335 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 621 тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Қаржы-қаражат» баспасында 1998 жылы жеке ресми басылым болып жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасының республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын ұйымдарында активтерге, материалдық запастарға, ақшаларға, есеп айырысуларға және басқа да баланс баптарына түгендеме жүргізудің тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті директорының 1998 жылы 23 шілдедегі № 335 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 489 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5110 тіркелген, 2008 жылғы 1 ақпандағы № 16 (1416) «Заң газетінде» жарияланған, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының № 5 актілер жинағы, 2008 жыл) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 24.12.2024 жылғы № 863 Бұйрығына сәйкес (28.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.
Министр Б.Жәмішев
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидалары
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 20.01.2016 жылғы № 22 Бұйрығына сәйкес (20.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 16.02.2016 жылы тіркелді
1-тарау. Жалпы ережелер
1- тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.07.2020 жылғы № 694 Бұйрығына сәйкес (30.11.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу тәртібі мен мерзімдерін белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 20.01.2016 жылғы № 22 Бұйрығына сәйкес (20.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 16.02.2016 жылы тіркелді
2. Түгендеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
ұзақ мерзімді активтердің, қорлардың, ақша құралдарының және өзге активтердің іс жүзінде қолда барын айқындау;
ұзақ мерзімді активтердің, қорлардың, ақша құралдарының және өзге активтердің іс жүзінде қолда барын бухгалтерлік есептің деректерімен салыстыру;
пайдаланылмайтын материалдық құндылықтарды айқындау;
материалдық құндылықтарды және ақша қаражатын сақтау қағидалары мен шарттарының сақталуын тексеру;
есепте дебиторлық және кредиторлық берешекті, қаржы инвестицияларын және бағалы қағаздарды көрсетудің толықтығын тексеру.
Полная версия

