Близость слов: Окончание:





Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 26 қыркүйекте № 7204 тіркелді
Осы Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 жылғы № 38 Бұйрығына сәйкес (23.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан бұрын емес) 23.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Редакция 04.12.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 10) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 17.04.2020 жылғы № 210 Бұйрығына сәйкес (09.08.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 жылғы № 38 Бұйрығына сәйкес (23.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан бұрын емес) 23.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә.Н.Барменқұлов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С.Дүйсенбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
төрағасы (Монополияға қарсы агенттік)
М.Т. Есенбаев ___________________
2011 жылғы «___» _______________
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникациялар
министрінің
2011 жылғы 24 тамыздағы
№ 523 бұйрығымен
бекітілген
Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011 жылғы 30 қарашадағы № 705 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 22.12.2012 жылғы № 904 Бұйрығымен (30.11.2011 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.09.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Көлік және коммуникация министрінің 23.12.2013 жылғы № 1030 Бұйрығымен (22.12.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 жылғы № 38 Бұйрығымен (23.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан бұрын емес) 23.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 09.08.2016 жылғы № 598 Бұйрығымен (21.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.12.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 17.04.2020 жылғы № 210 Бұйрығына сәйкес (09.08.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.06.2021 жылғы № 297 Бұйрығымен (17.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.06.2022 жылғы № 354 Бұйрығымен (14.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.12.2022 жылғы № 715 Бұйрығына сәйкес (21.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 10) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының автомобиль тасымалдаушыларына мынадай автокөлік құралдарының иелері үшін міндетті халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат беру карточкасын беру тәртібін айқындайды.
2. Жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 28.11.2023 жылғы № 105 Бұйрығына сәйкес (13.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) жүк автомобильдері (тіркемені қоса алғанда, рұқсат етілген жалпы салмағы 6 тоннадан асатын немесе тіркемені қоса алғанда, рұқсат етілген пайдалы жүктеме 3,5 тоннадан астам) және (немесе) арнайы автомобильдері (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) және (немесе) тұрақты немесе уақытша, оның ішінде экипажбен жалға алынғандарды қоспағанда, лизинг шарты, бірлескен қызмет туралы шарт, шарттың екінші тарапына шетелдік рұқсаттарды беру көзделген агенттік келісім бойынша иеліктегі арнаулы автомобильдері (әртүрлі, негізінен көліктік емес жұмыстарды орындауға арналған);
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген және электрондық (цифрлық) тахографтарды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасында берілген жүргізушілердің қолданыстағы карточкасы бар автокөлік құралдарының санынан кем емес мөлшерде шетелдік азаматтарды қоса алғанда, жұмысқа орналастырылған қызметкерлері бар жеке және заңды тұлғаларға рұқсат етіледі.
Жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға:
1) мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткен;
2) жартылай тіркемені (тіркеме) қоспағанда, тахографтармен жабдықталған;
3) жартылай тіркемені (тіркеме) қоспағанда, тахографты мерзімді тексеру (инспекция) туралы қолданыстағы куәлігі бар;
Полная версия
ИС BestProfi