Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 28.04.2014
Оңалтушы және конкурстық басқарушыларды, сырттай байқау әкiмшiсiн, тағайындау және шеттету қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 637 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 қаңтарда № 7374 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 12.07.2014 жылдан бастап ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 28.04.2014 жылғы № 189 Бұйрығына сәйкес
Редакция 13.01.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы «Банкроттық туралы» Заңының 10-2-бабының 24-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Оңалтушы және конкурстық басқарушылардың, сырттай байқау әкiмшiсiнің, тағайындау және шеттету қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті (Н.Д.Үсенова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
1) «Сырттай байқау әкiмшiсiн, оңалтушы басқарушыны тағайындау және шеттету, сондай-ақ конкурстық басқарушыны тағайындау және шеттету, есепке алу және тiркеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы № 396 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5292 болып тіркелген, 2008 жылғы 10 қазанда № 155 (1555) «Заң газеті» газетінде жарияланған);
2) «Сырттай байқау әкiмшiсiн, оңалтушы басқарушыны тағайындау және шеттету, сондай-ақ конкурстық басқарушыны тағайындау және шеттету, есепке алу және тiркеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2008 жылғы 12 тамыздағы № 396 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 167 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6220 болып тіркелген, 2010 жылғы 19 мамырда № № 192-194 (26040) «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 22 мамырда № 128 (26189) «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2012 жылы 30 каңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң
2011 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 637 бұйрығымен
бекiтiлген
Оңалтушы және конкурстық басқарушыны, сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау және шеттету қағидасы
Осы Оңалтушы және конкурстық басқарушыны, сырттай байқау әкімшісін тағайындау және шеттету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық бөлімшелерінің (бұдан әрі - Комитеттің аумақтық бөлімшелері) оңалтушы және конкурстық басқарушыны, сырттай байқау әкімшісін тағайындау және шеттету тәртібін белгілейді және оңалту, конкурстық іс жүргізу және сырттай байқау рәсімдеріне (банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының банкроттығын қоспағанда) қолданылады.
Кіріспе өзгертілді ҚР Премьер-Минстрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 13.01.2014 жылғы № 3 Бұйрығымен (09.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.02.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағида мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алу өткізу қорытындылары бойынша конкурстық басқарушыларды тағайындаған жағдайларға қолданылмайды.
1. Оңалтушы және конкурстық басқарушылар, сырттай байқау әкімшілері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінде (бұдан әрі - Комитет) оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшілерінің қызметін жүзеге асыру мақсатында тіркелген тұлғалардың арасынан тағайындалады. Тіркелген тұлғалар туралы мәліметтер Бірыңғай тізілімге қалыптастырылады, ол Комитеттің www.salyk.gov.kz интернет-ресурсында (бұдан әрі - Комитеттің интернет-ресурсы) орналастырылады.
1-тармақ өзгертілді ҚР Премьер-Минстрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 13.01.2014 жылғы № 3 Бұйрығымен (09.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.02.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Комитеттің аумақтық бөлімшелері Бірыңғай тізілімде көрсетілген қызметті жүзеге асыру орны бойынша аумақтық қағидатты сақтай отырып, Бірыңғай тізілімінде тіркелген тұлғалардың арасынан тиісінше осы Қағиданың 1 -3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша оңалтушы басқарушыларын тағайындау тізілімін, конкурстық басқарушыларды тағайындау тізілімін, сырттай байқау әкімшіліктерін тағайындау тізілімін (бұдан әрі - Тізілім), жасайды және жеке жүргізеді.
3. Тиісті Тізілімге оңалтушы және конкурстық басқарушыларды, сырттай байқау әкімшісін тіркеу және тіркеуден алып тастау туралы әрбір жазбаны енгізген жағдайдан кейін, сондай-ақ әрбір тағайындау және шеттету, босату жағдайлары кезінде өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Тіркелген күннен кейінгі күні тіркелген тұлға туралы мәліметтер тиісті Тізілімнің соңына енгізіледі.
4. Комитеттің аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі - Құжаттама жасау қағидалары) сәйкес Тізілімге енгізілетін мәліметтердің толықтығына, дұрыстығына және уақтылығына, сондай-ақ оның сақталуына және Тізілімнің мұрағатын жүргізуге жауапты қызметкерді тағайындайтын бұйрық шығарады.
4-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 09.04.2012 жылғы № 198 Бұйрығымен (15.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.06.2012 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5. Конкурстық басқарушыны, сырттай байқау әкімшісін тағайындау Комитеттің аумақтық бөлімшесінде тіркеудің есепке алу нысанында Құжаттамалау ережесіне сәйкес сот актілерін есепке тіркеудің кезектілігіне сәйкес жүзеге асырылады.
5-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 09.04.2012 жылғы № 198 Бұйрығымен (15.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.06.2012 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Оңалтушы және конкурстық басқарушыны, сырттай байқау әкімшісін тағайындау тәртiбi
6. Конкурстық басқарушы, сырттай байқау әкімшісі ретінде тағайындауды Комитеттің аумақтық бөлімшесі тиісті Тізілімге сәйкес кезектілік тәртібінде жүзеге асырады.
6-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 09.04.2012 жылғы № 198 Бұйрығымен (15.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.06.2012 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Комитеттің аумақтық бөлімшесі кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны оңалтушы басқарушы етіп тағайындайды.
7. Конкурстық басқарушыны сырттай байқау әкімшісі ретінде тағайындалған күн, ол туралы мәліметтер Тізілімнің соңына көшіріледі.
7-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 09.04.2012 жылғы № 198 Бұйрығымен (15.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.06.2012 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8. Оңалтушы және конкурстық басқарушы, сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру мақсатында тіркелген адамды Заңның 9-бабының 11-тармағында көзделген негіздемелер бойынша тағайындау мүмкін болмайтын жағдайда, Комитеттің аумақтық бөлімшесі оны тағайындауды жүргізбейді, Тізілімге тиісті өзгерістер енгізілмейді.
9. Оңалту жоспарын бекіту туралы сот ұйғарымы, борышкер мүлкінің меншік иесін, құрылтайшыларын (қатысушыларын) борышкердің мүлкі мен істерін басқарудан шеттету туралы сот ұйғарымы, борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі, сырттай байқауды енгізу туралы сот ұйғарымы күшіне енгеннен кейін, сондай-ақ оңалтушы басқарушыны шеттеткен кезде кредиторлар жиналысы хаттамасын ұсынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде, оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкімшісін тағайындау тиісінше осы Қағиданың 4 -6-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшесінің бұйрығымен жүргізіледі, оған Комитеттің аумақтық бөлімшесінің басшысы не оның орнын басатын тұлға қол қояды және мөртаңбамен расталады.
9-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 09.04.2012 жылғы № 198 Бұйрығымен (15.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.06.2012 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9-тармақ өзгертілді ҚР Премьер-Минстрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 13.01.2014 жылғы № 3 Бұйрығымен (09.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.02.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Оңалтушы және конкурстық басқарушыны, сырттай байқау әкімшісін тағайындау туралы бұйрық шығарылған күні Комитеттің интернет-ресурсында орналастырылады.
Комитеттің интернет-ресурсында оңалтушы және конкурстық басқарушы, сырттай байқау әкімшісі ретінде тұлғаны тағайындау туралы бұйрық орналастырылған сәттен бастап, тұлға өзінің өкілеттігін орындауға кіріскен болып есептеледі.
Бұйрық екі данада шығарылады, оның біреуі шығарылған күні оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушы және (немесе) сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру мақсатында тіркелуге өтініште көрсетілген пошталық мекенжай бойынша хабарландыруы бар тапсырыс хатпен жіберіледі, не өтініш берушінің келісімімен электрондық поштаның (E-mail) мекенжайына жіберіледі не бұйрықтың екінші данасына алғаны туралы қол қоюымен қолма-қол тапсырылады.
Бұйрықтың екінші данасы Комитеттің аумақтық бөлімшесінде сақталады.
3. Сырттай байқау әкімшісін, оңалтушы және конкурстық басқарушыларды шеттету тәртібі
10. Комитеттің аумақтық бөлімшелері оңалтушы және конкурстық басқарушыларды, сырттай байқау әкімшісін жүктеген өкілеттіктерін орындаудан мынадай:
1) кредитордың немесе борышкердiң мүдделерiне залал келтiрген олардың Заңда  белгiленген талаптарды бұзушылықтары  тексеру нәтижелерi бойынша анықталған;
2) өз өкiлеттiктерiн орындау: қайтыс болуы; бiр айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздығы; сот тәртiбiмен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi, хабарсыз кеткен деп танылуы не қаза болған деп жариялануы; оларға қатысты соттың айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуi салдарынан мүмкiн болмаған;
3) тiркелу кезiнде олардың дәйексiз мәлiметтердi ұсыну фактiсi анықталған;
4) өзi тағайындалғаннан кейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде кредиторлар комитетiмен келiсiм жасамаған не кредиторлар комитетiмен жасалған келiсiм бұзылған жағдайларда дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқарудан шеттетуге тиiс.
10-1. Сот оңалту рәсімін тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарған сәттен бастап оңалтушы басқарушы борышкердің мүлкі мен істерін басқарудан шеттетіледі.
10-1-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы министрінің 09.04.2012 жылғы № 198 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.06.2012 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10-2. Оңалту рәсімі барысында осы Қағиданың 10 және 10-1-тармақтарында көрсетілген жағдайлар анықталған кезде Комитеттің аумақтық бөлімшесі ол туралы кредиторларды хабардар етеді.
10-2-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы министрінің 09.04.2012 жылғы № 198 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.06.2012 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Кредиторлар жиналысы уәкілетті органда тіркелген тұлғалар арасынан оңалтушы басқарушының кандидатурасын үш жұмыс күн ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшесіне ұсынады.
Комитеттің аумақтық бөлімшесі кредиторлармен кандидатура ұсынылғаннан кейін бес жұмыс күн ішінде оңалтушы басқарушыны тағайындайды.
11. Осы Қағиданың 10-тармағының 1-тармақшасында көзделген негiздер бойынша оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушыларды, сырттай байқау әкімшісін дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқарудан бiр жыл iшiнде бiрнеше рет шеттету және (немесе) осы Ережесінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген негiздердiң бiрi бойынша шеттету оларды барлық борышкерлерге қатысты көзделген өкiлеттiктердi орындаудан бiр мезгiлде шеттетуге әкеп соғады.
12. Оңалтушы және конкурстық басқарушылар, сырттай байқау әкімшісі Комитеттің аумақтық бөлімшесінің бұйрығымен жүктелген өкілеттіктерін орындаудан шеттетіледі (босатылады).
13. Конкурстық басқарушы, сырттай байқау әкімшісі жүктелген өкілеттіктерін орындаудан шеттетілген немесе босатылған жағдайда, олар туралы мәліметтер тиісті Тізілімнің соңына енгізіледі.
13-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 09.04.2012 жылғы № 198 Бұйрығымен (15.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.06.2012 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
13-тармақ өзгертілді ҚР Премьер-Минстрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 13.01.2014 жылғы № 3 Бұйрығымен (09.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.02.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкімшілерін шеттету туралы бұйрық қабылданған күні Комитеттің интернет-ресурсында орналастырылады.
14. Оңалтушы және конкурстық басқарушылар, сырттай байқау әкімшісі жүктелген өкілеттіктерін орындаудан шеттетілген немесе босатылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей (бар болған кезде) борышкердің құрылтайшы, қаржы және оның мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарын, қоса алғанда барлық құжаттарын, барлық мүліктерін (активтерін), сондай-ақ борышкердің мөртаңбасын қайта тағайындалған оңалтушы және конкурстық басқарушыларға, сырттай байқау әкімшісіне немесе борышкердің басшысына борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдану, банкрот деп тану, сырттай байқауды енгізу туралы сот актілері жойылған кезде беруге міндетті.
15. Тиісті қызметті жүзеге асыратын оңалтушы және конкурстық басқарушылар, сырттай байқау әкімшілері туралы мәліметтер осы Қағиданы қолданысқа енгізгенге дейін қандай тәртіпте болса, солай тиісті Тізілімге көшіріледі.
Оңалту, конкурстық іс жүргізу және сырттай байқау рәсімінде жұмыспен қамтылмаған тұлғалар туралы мәліметтер тиісті Тізілімнің соңына көшіріледі.
Осы Қағида күшіне енгенге дейін өз іс-әрекетін тоқтатқан тұлғалар туралы мәліметтер тоқтату мерзімі біткеннен кейін сәйкесінше Тізілімне қосылады.
Оңалтушы және конкурстық
басқарушыны, сырттай байқау
әкімшісін тағайындау және
шеттету қағидасына
1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 09.04.2012 жылғы № 198 Бұйрығымен (15.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.06.2012 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-қосымша өзгертілді ҚР Премьер-Минстрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 13.01.2014 жылғы № 3 Бұйрығымен (09.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.02.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
_______________ оңалтушы басқарушыны тағайындау тізілімi
№ р/с Оңалтушы басқарушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Оңалтушы басқарушының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) Заңды тұлғаның (борышкердің) атауы Заңды тұлғаның (борышкердің) бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) Оңалту жоспарын бекіту туралы (борышкер мүлкінің меншік иесінің, құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкер мүлкі мен істерін басқару құқығының күшін жою туралы) ұйғарымның/кредиторлар жиналысы хаттамасының күні және нөмірі Тағайындау туралы бұйрықтың күні Ескертпе
1 2 3 4 5 6 7 8
Тізілімді жасаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Оңалтушы және конкурстық
басқарушыны, сырттай байқау
әкімшісін тағайындау және
шеттету қағидасына
2-қосымша
2-қосымша өзгертілді ҚР Премьер-Минстрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 13.01.2014 жылғы № 3 Бұйрығымен (09.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.02.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
_______________ конкурстық басқарушыларды тағайындау тізілімi
№ р/с Конкурстық басқарушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Конкурстық басқарушының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) Борышкердің атауы/ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Борышкердің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН) Борышкерді банкрот деп тану туралы шешімнің күні, нөмірі Тағайындау туралы бұйрықтың күні Ескертпе
1 2 3 4 5 6 7 8
Тізілімді жасаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Оңалтушы және конкурстық
басқарушыны, сырттай байқау
әкімшісін тағайындау және
шеттету қағидасына
3-қосымша
3-қосымша өзгертілді ҚР Премьер-Минстрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 13.01.2014 жылғы № 3 Бұйрығымен (09.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.02.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
______________ сырттай байқау әкімшісін тағайындау тізілімi
№ р/с Сырттай байқау әкімшісінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Сырттай байқау әкімшісінің жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) Борышкердің атауы/ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Борышкердің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН) Сырттай байқау рәсімін енгізу туралы істі қозғау туралы ұйғарымның күні, нөмірі Тағайындау туралы бұйрықтың күні Ескертпе
1 2 3 4 5 6 7 8
Тізілімді жасаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Оңалтушы және конкурстық
басқарушыны, сырттай байқау
әкімшісін тағайындау және
шеттету қағидасына
4-қосымша
4-қосымша өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 09.04.2012 жылғы № 198 Бұйрығымен (15.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.06.2012 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-қосымша өзгертілді ҚР Премьер-Минстрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 13.01.2014 жылғы № 3 Бұйрығымен (09.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.02.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Оңалтушы басқарушыны тағайындау туралы бұйрық
«Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21
қаңтардағы Заңына сәйкес және _________ оңалту жоспарын бекіту туралы
                        (борышкердің атауы)
(борышкер мүлкінің меншік иесінің, құрылтайшылардың (қатысушылардың)
борышкер мүлкі мен істерін басқару құқығының күшін жою туралы)
____________________ облысы (қаласы) _____________________ сотының
201___ жылғы «__» ____________ ұйғарымының/кредиторлар жиналысы
хаттамасының негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
      1. _________________________________ оңалтушы басқарушысы болып
       (борышкердің атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН))
      _____________________________________________ тағайындалсын. 
            (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
      2. Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасы
талаптарына сәйкес оңалтушы басқарушының міндеттерін атқару
_____________________________________ жүктелсін.
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
      3. Оңалтушы басқарушысы _______________________________________
                                (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
      Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау ___________________________
                    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)), лауазымы)
жүктелсін.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
Салық комитетінің облыс,
Астана және Алматы қаласы
бойынша аумақтық бөлімшесінің
басшысы _______________________________________    ________________
         (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))         (қолы)
Оңалтушы және конкурстық
басқарушыны, сырттай байқау
әкімшісін тағайындау және
шеттету қағидасына
5-қосымша
5-қосымша өзгертілді ҚР Премьер-Минстрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 13.01.2014 жылғы № 3 Бұйрығымен (09.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.02.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Конкурстық басқарушыны тағайындау туралы бұйрық
«Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21
қаңтардағы Заңына сәйкес және _______________ банкрот деп тану туралы
                            (борышкердің атауы)
___________________________ облысы (қаласы) сотының 201 __ жылғы
«___» ______ _______ шешiмiнiң негiзiнде, БҰЙЫРАМЫН:
      1. ____________________________________ конкурстық басқарушысы
      (борышкердің атауы/ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН) болып
__________________________________________________ тағайындалсын.
          (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
      2. ___________________ Қазақстан Республикасы банкроттық туралы
      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
заңнамасының талаптарына сәйкес конкурстық басқарушының мiндеттерiн атқару.
      3. Конкурстық басқарушы _______________________________________
                              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
      Қазақстан Республикасы банкроттық туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау ________________________
                 (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)), лауазымы)
жүктелсiн.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
Салық комитетінің облыс,
Астана және Алматы қаласы
бойынша аумақтық бөлімшесінің
басшысы ________________________________________     ________________
           (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))          (қолы)
Оңалтушы және конкурстық
басқарушыны, сырттай байқау
әкімшісін тағайындау және
шеттету қағидасына
6-қосымша
6-қосымша өзгертілді ҚР Премьер-Минстрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 13.01.2014 жылғы № 3 Бұйрығымен (09.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.02.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Сырттай байқау әкімшісін тағайындау туралы бұйрық
«Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21
қаңтардағы Заңына сәйкес және _________________________ қатысты
сырттай байқау рәсiмiн енгiзу туралы ___________________ облысы
(қаласы) ______________ сотының 201 __ жылғы «__» _______
_____________________________________________ шешiмiнiң негiзiнде, 
(борышкердің атауы/ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
      БҰЙЫРАМЫН:
      1.______________________________ сырттай байқау әкiмшiсi болып
(борышкердің атауы/ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН)
      ___________________________________________ тағайындалсын.
       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
      2. _____________________ Қазақстан Республикасы банкроттық
        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
туралы заңнамасының талаптарына сәйкес сырттай байқау әкiмшiсiнiң мiндеттерiн атқару.
      3. Сырттай байқау әкiмшiсi _______________________________
                          (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Қазақстан Республикасы банкроттық туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етсiн.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау ________________________
                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)), лауазымы)
жүктелсiн.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
Салық комитетінің облыс,
Астана және Алматы қаласы
бойынша аумақтық бөлімшесінің
басшысы ________________________________________      ____________
         (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))           (қолы)
Полная версия
ИС BestProfi