Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 27 ақпанда № 7445 тіркелді
«Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 3)тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 жылғы № 150 Бұйрығына сәйкес (31.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 23 тамыздағы № 294 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7182 болып тіркелген).
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін.
Осы Ереже өзгертілді ҚР Әділет министрінің 31.08.2012 № 309 Бұйрығымен (31.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Бұйрығымен.(оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 жылғы № 150 Бұйрығымен (31.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Ұлттық Әділет министрінің 12.12.2019 жылғы № 596 Бұйрығымен (29.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Әділет министрінің 30.04.2021 жылғы № 358 Бұйрығымен (12.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 31.08.2021 жылғы № 757 Бұйрығына сәйкес (30.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізу тәртібін 4 тармағынан қараңыз)
1. Осы нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ереже (бұдан әрі – Ереже) «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабына сәйкес әзірленді.
мемлекеттік нотариаттық кеңсенің мемлекеттік нотариустарының (бұдан әрі – мемлекеттік нотариус) нотариаттық іс жүргізуінің бірыңғай тәртібін белгілейді.