2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабының 1-тармағына және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-2-бабының 10-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 22.02.2021
Тұрғын үй инспекциясы ұсынып отырған үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативі басқармасының төрағасы кандидатурасына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 29 мамырдағы № 215 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 маусымда № 7768 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 22 ақпаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.02.2021 жылғы № 44 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй инспекциясы ұсынып отырған үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативі басқармасының төрағасы кандидатурасына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері агенттігінің Тұрғын үй шаруашылық департаменті
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
төрағасының орынбасары Н.П. Тихонюкке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға С. Нокин
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
министрі
______________Г. Әбдіқалықова
2012 жылғы 30 мамыр
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 29 мамырдағы № 215 бұйрығымен бекітілген
Тұрғын үй инспекциясы ұсынып отырған үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативі басқармасының төрағасы кандидатурасына қойылатын біліктілік талаптары
Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативі басқармасының төрағасы
Осы біліктілік талаптары Тұрғын үй инспекциясы ұсынып отырған үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативі басқармасының төрағасы кандидатурасына қойылады және келесі мынадай талаптардан тұрады:
1) тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
2) кондоминиум объектілеріне қызмет көрсету саласындағы ұйымдарда басшылық қызметте 5 жылдан кем емес жұмыс стажының немесе екі жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы.
3) «Іскерлік әкімшілік ету магистрі» дәрежесінің болуы немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімінің болуы (лазым).
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамасын (1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (ерекше бөлім), 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы», 1998 жылғы 9 шілдедегі «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы», 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 1822 қаулысымен бекітілген Коммуналдық қызметтер көрсету қағидалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1421 қаулысымен бекітілген Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидалары, кондоминиум объектісін басқару саласындағы өзге де нормативтік-техникалық құжаттар) білуі.
5) мынадай дағдылары болуы тиіс: басқару шешімдерін жедел қабылдау және іске асыру, жұмысты жоспарлау және бақылау, іскерлік келіссөздерін жүргізу, көпшілік алдында сөз сөйлеу, қолданылатын басқару шешімдерінің салдарын талдау және болжау, мемлекеттік органдармен және коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен өзара іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастыру, нормативтік құқықтық актілерді практикада қолдану, ұйымдастыру өкімдік құжаттар әзірлеу, қызметтік құжаттамалармен жұмыс істеу, компьютерді және басқа ұйымдастыру техникасын білуі.
Полная версия