Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 358 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 қарашада № 8074 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылғы 21 қаңтардан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.11.2016 жылғы № 820 Бұйрығына сәйкес
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.11.2014 жылғы № 150 Бұйрығымен (03.10.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.01.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (А.А. Тұрлубек) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
КЕЛІСІЛГЕН КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда Бәсекелестікті қорғау
министрі агенттігінің төрағасы
______________ Е.А. Досаев ______ Ғ.Р. Әбдірахымов
2012 жылғы 5 қазан 2012 жылғы 18 қазан
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2012 жылғы 3 қазандағы
№ 358 бұйрығымен
бекітілген
1. Осы Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қызметі тәртібін айқындайды.
1-тармақ өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.11.2014 жылғы № 150 Бұйрығымен (03.10.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.01.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
3. Комиссияның негізгі міндеті заңды тұлғалардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы құжаттарын қарастыру болып табылады.
4. Комиссия құрамын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі бекітеді.
4-тармақ өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.11.2014 жылғы № 150 Бұйрығымен (03.10.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.01.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
5. Комиссияның құрамына энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның өкілдері, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.
5-тармақ өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.11.2014 жылғы № 150 Бұйрығымен (03.10.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.01.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
6. Комиссияны төраға басқарады, ол Комиссияның қызметін басқарады, Комиссия мәжілісінде төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімінің асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасар орындайды.
7. Комиссия жұмысының ұйымдық-техникалық қамтамасыз етілуін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті жүзеге асырады.
7-тармақ өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.11.2014 жылғы № 150 Бұйрығымен (03.10.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.01.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
8. Комиссия хатшысы Комиссия мәжілісінің күн тәртібін қалыптастырады, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді және Комиссия мәжілісінің хаттамасын жасайды.
11. Комиссия аккредиттеуге ұсынылған құжаттарды қарауды энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті органға құжаттар түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
13. Комиссия шешімінің қорытындылары бойынша уәкілетті орган заңды тұлғаға аккредиттеу туралы куәлікті береді не аккредиттеуден жазбаша дәлелді бас тартуды сәйкесінше шешімді қабылдаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.