Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.03.2014
Өнеркәсіп және экспорттық бақылау саласындағы электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2012 жылғы 5 қазандағы № 364 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 қарашада № 8077 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 25.05.2014 жылдан бастап ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 27.03.2014 жылғы № 102 Бұйрығына сәйкес
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған өнеркәсіп және экспорттық бақылау саласындағы электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттері бекітілсін:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Уларды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»;
3) Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғаңда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»;
4) Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»;
5) Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Босатылатын оқ-дәрілерді, кару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»;
6) Осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқаларын беру».
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің м.а.
__________________ Қ. Әбсаттаров
2012 жылғы 12 қазан
Қазақстан Республикасы
 Индустрия және жаңа
 технологиялар Министрінің м.а.
 2012 жылғы 5 қазандағы № 364
 бұйрығына 1-қосымша
«Тау-кен, пайдалы қазбаларды барлау, өндіру, химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» электронды мемлекеттік қызмет регламенті
1. Электронды мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі – қызмет көрсетуші), сондай-ақ «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы көрсетеді.
2. Қызмет «Өнеркәсіп және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1130 қаулысымен бекітілген «Тау-кен, пайдалы қазбаларды барлау, өндіру, химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартының негізінде көрсетіледі (бұдан әрі - стандарт).
3. Электронды мемлекеттік қызметті автоматтандыру деңгейі – ішінара автоматтандырылған.
4. Электронды мемлекеттік қызметті көрсету түрі – транзакциялық.
Полная версия
ИС BestProfi