«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2023
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 237 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 12 қазанда № 8815 тіркелді
Осы Қаулы 01.07.2023 жылдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 жылғы № 42 Қаулысына сәйкес
Редакция 19.02.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және нормалары 2013 жылғы 29 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылатын Қағидалардың 1-қосымшасын қоспағанда, 2013 жылғы 22 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
2-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 жылғы № 33 Қаулысымен (27.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
Ұлттық Банк Төрағасы Г. Марченко
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 237 қаулысымен бекітілді
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
Қағидалардың ережелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының арасында жасалатын сенімгерлікпен басқару шартының шегінде жүзеге асырылатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаруға қолданылмайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.06.2020 жылғы № 68 Қаулысымен (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.02.2021 жылғы № 31 Қаулысына сәйкес (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) баға белгілеу - пошта, электрондық немесе факсимильдік байланыс арқылы алынған қарсы әріптестердің қаржы құралдары бойынша баға ұсыныстары;
2) қарсы әріптес - Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес қаржы құралдарымен мәмілелер жасау құқығы бар заңды тұлға;
3) «таза» зейнетақы активтері - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне жататын міндеттемелер (зейнетақы төлемдері, аударымдар бойынша міндететмелер және ұқсас міндеттемелер) шегерілгеннен кейінгі зейнетақы активтері;
4) уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган;
5) халықаралық қаржы ұйымы - халықаралық шарт (келісім) не жарғы негізінде құрылған және жұмыс істеп тұрған, халықаралық мәртебесі бар ұйым;
6) principal protected notes - негізгі борыштың сомасын толық қайтару бойынша эмитенттің кепілдігі белгіленген борыштық бағалы қағаздар.
3. Қағидалардың мақсатында уәкілетті органмен Standard & Poor's агенттігінің рейтингілік бағасынан басқа Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің де және олардың еншілес рейтингілік ұйымдарының да (бұдан әрі – басқа рейтингілік агенттіктер) рейтингілік бағалары танылады.
Эмитентте және (немесе) қаржы құралында халықаралық және (немесе) ұлттық шәкіл бойынша бірнеше рейтингілік баға бар болған кезде, есепке уәкілетті орган таныған рейтингілік агенттіктердің бірінің халықаралық және (немесе) ұлттық шәкілі бойынша барынша жоғарғы рейтингілік бағасы есепке алынады.
Полная версия