Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.04.2015
Еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталар көлемiн бөлудiң кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қарашадағы № 1189 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 10.04.2015 жылғы № 213 Қаулысына сәйкес
«Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Жаңа өнім берушілер үшін құс етін әкелуге (коды КО СЭҚ ТН 0207) 2013 жылға арналған тарифтік квота көлемі 10000 тонна мөлшерінде бекітілсін.
2. «Еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталар көлемiн бөлудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 наурыздағы № 269 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 27, 320-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес»;
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасына еттiң кейбір түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидалары»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына оларға қатысты тарифтiк квоталар енгiзiлген еттiң кейбiр түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталар көлемдерiн сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министр i   С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2013 жылғы 8 қарашадағы
 № 1189 қаулысына
 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
2011 жылғы 24 наурыздағы
 № 269 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасына еттiң кейбiр түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасына еттiң кейбiр түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталар көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және тарифтiк квоталар көлемдерiн сыртқы сауда қызметiн реттеу құралы ретiнде бөлудiң тәртiбi мен әдiсiн айқындайды.
2. Лицензияларды беру тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында айқындалады.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) осының алдындағы кезең – тарифтiк квота белгіленетін жылдың тiкелей алдындағы екi жыл;
Полная версия
ИС BestProfi