«Қазақстан Республикасының рұқсат беру жүйесін одан әрі реформалаудың 2012-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 шілдедегі № 929 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 16.11.2018
Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия және оның жұмысын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 1140 Қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.11.2014 жылғы № 1263 Қаулысымен (04.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.11.2014 жылдан бастап) Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.11.2018 жылғы № 756 Қаулысына сәйкес
Редакция 26.01.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.11.2014 жылғы № 1263 Қаулысымен (04.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.11.2014 жылдан бастап)
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 1140 қаулысына қосымша
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.04.2013 жылғы № 431 Қаулысымен (04.09.2012 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (30.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Құрамның тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.04.2015 жылғы № 288 Қаулысымен (29.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.05.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.01.2018 жылғы № 34 Қаулысымен (06.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
«Нұр Отан» партиясының хатшысы, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің департамент директоры, хатшы
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы
Жол жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.03.2017 жылғы № 107 Қаулысына сәйкес (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары, (келісім бойынша)
Полная версия