Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабына, 2010 жылғы 19 наурыздағы «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
Внимание! Документ утратил силу с 17.08.2021
Қондырғы паспортының нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 122-ө бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 17 тамыздан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.08.2021 жылғы № 289 Бұйрығына сәйкес
Редакция 29.09.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қосымшаға сәйкес Қондырғы паспортының нысаны бекітілсін.
2. «Қондырғы паспортының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 146-ө (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 7704 тіркелген, 2012 жылғы 15 тамыздағы № 510-515 (27588) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Төмен көміртекті даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынуды және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Н. Қаппаров
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы Ә. Смайылов 15 мамыр 2013 жыл
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 122-ө бұйрығына қосымша
нысан
Қондырғы паспорты
Нысан жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 02.06.2016 жылғы № 233 Бұйрығына сәйкес (15.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Индексі: № 1 нысан
Кезеңділігі: тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар
шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары қолданылатын алғашқы
жыл.
«Ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 94-2-бабына сәйкес парниктік газдар шығарындыларын квоталау жөніндегі талаптарына түсетін қондырғылар операторлары.
Нысанның үшінші абазцы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.08.2018 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес (02.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау
саласындағы уәкілетті орган.
Тапсыру мерзімі: тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар
шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары қолданылатын алғашқы
жылдың бірінші сәуіріне дейін.
1. Қондырғы паспортының тіркеу нөмірі (уәкілетті органмен
толтырылады) ________________________________________________________
2. Қондырғы паспортын толтыру күні ____________________________
3. Қондырғы операторының толық атауы __________________________
4. Қондырғы операторының заңды мекенжайы ______________________
5. Телефон ____________________________________________________
6. Факс _______________________________________________________
7. Электрондық пошта мекенжайы ________________________________
8. Қондырғы операторының бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі
- БСН) немесе жеке сәйкестендіру нөмірі _____________________________
9. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша
қондырғы операторының негізгі қызмет түрі ___________________________
10. Қондырғы операторы басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (бұдан әрі – ТАӘ) _____________________________________
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.08.2018 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес (02.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
11. Қондырғы паспортын даярлауға жауапты адамның Т.А.Ә. _______
12. Жауапты адамның байланыс деректері ________________________
13. Қондырғы бойынша деректер: ________________________________
Жол коды | Көрсеткіштердің атауы | |||||
Қондырғының атауы | Көздің атауы | Көздің № | Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша қызмет түрі | Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышы бойынша географиялық орналасқан жері | Парниктік газдар шығарындыларының көзі болып табылатын қолданылатын отын немесе өнеркәсіптік процесс түрі | |
А | Б | В | Г | Д | Е | Ж |
1 | ||||||
2 | ||||||
14. Әрбір көз үшін қолданылатын технология, қуат пен жұмыстың
уақыт кезеңінің сипаттамалары (бу мен ыстық су өндіру үшін
қазандықтар, түрлі технологиялық процестер үшін қажетті жылу энергия
көздері, цемент немесе балқыту пештері, көміртегі шикізаты тасымалдау
үшін стационарлық жүйелер, алауларда ілеспелі газды жағу, парниктік
газдар шығарындыларымен байланысты технологиялық процестер).
15. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлемін алуды
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.08.2018 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес (02.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
негіздейтін есептеулер*.
16. Қондырғы операторы басшысының қолы, мөр ___________________
17. Расталды __________________________________________________;
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.08.2018 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес (02.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органның
толық атауы, БСН;
2) аккредиттеу туралы аттестаттың нөмірі және мерзімі;
3) валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органның
заңды мекенжайы;
4) телефон, факс;
5) электрондық пошта;
6) верификацияға жауапты адамның ТАӘ;
7) мынадай көлемдегі: ___________________________________________ тонна көміртегі қос тотығы парниктік газдар
шығарындылары;
_______________________ тонна көміртегінің қос тотығына тең келетін парниктік газдар жалпы шығарындыларын растау*;
8) валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген орган басшысының (ТАӘ) қолы, мөр.
Ескертпе: Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңінде пайдаланылуы Кодекстің 94-2-бабының 1-тармағы талаптарына сәйкес келетін әкімшілік субъектілерінің қондырғы операторлары, жаңа қондырғы операторлары толтырады.
«Қондырғы паспортының нысанын» толтыру бойынша түсініктеме
1. Қондырғы паспорты (бұдан әрі – Паспорт) Кодекстің 17-бабына сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.08.2018 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес (02.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Паспортты Кодекстің 94-2-бабына сәйкес парниктік газдар шығарындыларын квоталау жөніндегі талаптарына түсетін қондырғылар операторлары, тиісті кезеңге бекітілген парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары қолданылатын алғашқы жылдың бірінші сәуіріне дейін ұсынады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.08.2018 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес (02.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Паспорт мынадай түрде толтырылады:
1-бөлімде қондырғы паспортының тіркеу нөмірі көрсетіледі (уәкілетті орган толтырады);
2-бөлімде қондырғы паспортын толтыру күні көрсетіледі;
3-бөлімде қондырғы операторының толық атауы көрсетіледі;
4-бөлімде қондырғы операторының заңды мекенжайы көрсетіледі;
5-бөлімде байланыс телефоны көрсетіледі;
6-бөлімде қондырғы операторының факсы көрсетіледі;
7-бөлімде қондырғы операторының электрондық поштасы көрсетіледі;
8-бөлімде қондырғы операторының бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
9-бөлімде экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша қондырғы операторының негізгі қызмет түрі көрсетіледі;
10-бөлімде қондырғы операторы басшысының деректері көрсетіледі (Тегі, аты, әкесінің аты - болған жағдайда);
11-бөлімде жауапты тұлғаның деректер көрсетіледі (Тегі, аты, әкесінің аты - болған жағдайда);
12-бөлімде қондырғы паспортын даярлауға жауапты адамның байланыс деректері көрсетіледі.
4. 13-бөлімде қондырғы бойынша деректер көрсетіледі:
«Қондырғының атауы» деген Б-бағанда қондырғының атауы көрсетіледі;
«Көздің атауы» деген В-бағанда парниктік газдар шығарындыларының себебі болып табылатын көздің атауы көрсетіледі;
«Көздің №» деген Г-бағанда қондырғы операторында жасалатын және сақталатын олардың орналастыру сызбасына сәйкес көздің нөмірі 0001-ден 5999 араласында көрсетіледі. Жаңа көз пайда болған кезде оған ертеде пайдаланылмаған нөмір беріледі. көз жойылған кезде, оның нөмірі бұдан әрі қолданылмайды;
«Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша қызмет түрі» деген Д-бағанда экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша қызмет түрі көрсетіледі;
«Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышы бойынша географиялық орналасқан жері» деген Е-бағанда әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышы бойынша географиялық орналасқан жері көрсетіледі;
«Парниктік газдар шығарындыларының көзі болып табылатын қолданылатын отын немесе өнеркәсіптік процесс түрі» деген Ж-бағанда парниктік газдар шығарындыларының көзі болып табылатын қолданылатын отын немесе өнеркәсіптік процесс түрі көрсетіледі.
5. 14-бөлімде әрбір көз үшін қолданылатын технология, қуат пен жұмыстың уақытша кезеңінің сипаттамалары көрсетіледі.
6. 15-бөлімде парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлемін алуды негіздейтін есептеулер көрсетіледі. Осы тармақты Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңінде пайдаланылуы Кодекстің 94-2-бабының 1-тармағы талаптарына сәйкес келетін әкімшілік субъектілерінің қондырғы операторлары, жаңа қондырғы операторлары толтырады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.08.2018 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес (02.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
7. 16-бөлімде қондырғы операторы басшысының қолы, тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты көрсетіледі, мөр қойылады.
8. 17-бөлімде валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органның паспортты растауы көрсетіледі:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.08.2018 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес (02.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) тармақшада валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органның толық атауы, БСН көрсетіледі;
2) тармақшада аккредиттеу туралы аттестаттың нөмірі және мерзімі көрсетіледі;
3) тармақшада валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органның заңды мекенжайы көрсетіледі;
4) тармақшада верификатордың телефон нөмірі және факсы көрсетіледі;
5) тармақшада верификатордың электрондық поштасы көрсетіледі;
6) тармақшада верификацияға жауапты адамның ТАӘ көрсетіледі;
7) тармақшада көміртегі қос тотығының тоннасында парниктік газдар шығарындыларының расталатын көлемі, сондай-ақ көміртегінің қос тотығына тең келетін парниктік газдардың жалпы шығарындыларының көлемі көрсетіледі. Осы тармақты Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңінде пайдаланылуы Кодекстің 94-2-бабының 1-тармағы талаптарына сәйкес келетін әкімшілік субъектілерінің қондырғы операторлары, жаңа қондырғы операторлары толтырады;
8) тармақшада валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген орган басшысының ТАӘ көрсетіледі, мөр қойылады (болған жағдайда).
Полная версия