Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 08.08.2015
Міндетті әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектіcі іске асыратын көрсетілетін қызметтерге бағаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1370 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 8 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 16.07.2015 жылғы № 532 Қаулысына сәйкес
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектіcі іске асыратын көрсетілетін қызметтерге бағаларды бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 17.04.2015 жылғы № 235 Бұйрығын қараңыз
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-1-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағалары;
2) зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1370 қаулысымен
бекітілген
Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағасы
Р/с
Көрсетілетін қызмет атауы Өлшем бірлігі Бағасы, ҚҚС қоспағанда, теңгемен
1 Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан әлеуметтік төлем алушылардың іс макеттерін қалыптастыру 1 макет 2 642,83
2 Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан әлеуметтік төлем сомаларын алушылардың шоттарына аудару 1 төлем 202,42
3 Міндетті әлеуметтік аударымдарды және (немесе) олар бойынша өсімпұлды агенттерден Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару 1 төлем тапсырмасы 7,84
4 Әлеуметтік аударымдардың артық (қате) төленген сомаларын және олар бойынша өсімпұлды төлеушілерге қайтару 1 төлем тапсырмасы 594,80
5 Заңды және жеке тұлғаларға ақпараттық көрсетілетін қызметтер ұсыну 1 ақпарат 588,79
6 Жәрдемақы мөлшерлері туралы ақпарат беру 1 ақпарат 186,77
7 Әлеуметтік төлемдердің саны және орташа сомасы туралы ақпарат беру 1 ақпарат 197,13
8 Міндетті әлеуметтік аударымдардың аударылған сомасы туралы агенттерге растау 1 ақпарат 219,89
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1370 қаулысымен
бекітілген
Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағасы
Р/с
Көрсетілетін қызмет атауы Өлшем бірлігі Бағасы, ҚҚС қоспағанда, теңгемен
1 2 3 4
1 Республикалық бюджеттен зейнетақы алушылардың, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың және мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушылардың іс макеттерін қалыптастыру 1 макет 2 908,34
2 Республикалық бюджеттен жәрдемақы алушылар үшін іс макеттерін қалыптастыру 1 макет 2 642,83
3 Республикалық бюджет есебінен төленетін зейнетақы мен жәрдемақы сомаларын алушылардың шоттарына аудару 1 төлем 202,42
4 Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды агенттерден бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару 1 төлем тапсырмасы 24,13
5 Міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) олар бойынша өсімпұлдың қате төленген сомаларын агенттерге қайтару 1 төлем тапсырмасы 484,61
6 Әлеуметтік қамсыздандырудың бірыңғай ақпараттық жүйесін әкімшілендіру айына 1 қызмет 7 281 379,70
7 «Мүгедектігі бар тұлғалардың орталықтандырылған деректер қоры» ақпараттық жүйесін әкімшілендіру айына 1 қызмет 1 819 666,67
8 Заңды және жеке тұлғаларға ақпараттық көрсетілетін қызмет ұсыну 1 ақпарат 588,79
9 Зейнетақы мен жәрдемақы мөлшер туралы ақпарат беру 1 ақпарат 186,77
10 Белгілі бір кезеңге 10 % міндетті зейнетақы жарналары аударымдарының саны және орташа сомасы туралы ақпарат ұсыну 1 ақпарат 197,13
11 Зейнетақы төлемдерінің саны және орташа сомасы туралы ақпарат беру 1 ақпарат 197,13
12 10 % міндетті зейнетақы жарналарының 3 айдағы айлар бөлінісіндегі аударымдар саны мен сомасы туралы ақпарат 1 ақпарат 189,73
13 10 % міндетті зейнетақы жарналарының 6 айдағы айлар бөлінісіндегі аударымдар саны мен сомасы туралы ақпарат 1 ақпарат 207,01
14 10 % міндетті зейнетақы жарналарының 12 айдағы айлар бөлінісіндегі аударымдар саны мен сомасы туралы ақпарат 1 ақпарат 334,01
15 10 % міндетті зейнетақы жарналарының 36 айдағы айлар бөлінісіндегі аударымдар саны мен сомасы туралы ақпарат 1 ақпарат 461,30
16 Салымшылардың саны және олардың аударымдарының мөлшері туралы ақпаратты БСН/СТН бөлінісінде салымшылардың тізімдерімен қоса ұсыну 1 ақпарат 219,89
17 Салымшының міндетті зейнетақы жарналарының аударылған сомасы туралы агенттерге растау 1 ақпарат 219,89
Полная версия
ИС BestProfi