Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.09.2015
Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктерінің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 1391 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 7 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 622 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктерінің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 27.03.2015 жылғы № 362 Бұйрығын қараңыз
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 31-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1) Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктерінің тізбесі;
2) Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктерінің нысандары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1391 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктерінің тізбесі
1. «Қауіпсіздік мәселелері бойынша барлық теңізшілерге арналған бастапқы даярлау мен нұсқау»;
2. «Құтқару қайықшалары мен салдар және шапшаң кезекші қайықшаларды қоса алғанда, кезекші қайықшалар бойынша маман»;
3. «Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күрес»;
4. «Кемеде алғашқы медициналық көмек көрсету»;
6. «Командалық құрамның кемені қорғауға жауапты адамдарын даярлау»;
7. «Күзетуге қатысты мәселелер бойынша барлық теңізшілерге арналған даярлау немесе нұсқау»;
8. «Жолаушылар кемелерінің капитандарын, командалық және қатардағы құрамның тұлғаларын, сондай-ақ басқа да персоналын даярлау мен олардың біліктілігі»;
9. «Мұнай танкерлері мен химиялық заттарды тасымалдайтын танкерлердегі жүк операцияларына қатысты капитандарды, командалық және қатардағы құрамының тұлғаларын бастапқы даярлау»;
10. «Мұнай танкерлеріндегі жүк операцияларына қатысты капитандарды, командалық және қатардағы құрамның тұлғаларын кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау»;
11. «Химиялық заттарды тасымалдайтын танкерлердегі жүк операцияларына қатысты капитандарды, командалық және қатардағы құрамның тұлғаларын кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау»;
Полная версия
ИС BestProfi