«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 14.09.2015
Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 14 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 14.08.2015 жылғы № 645 Қаулысына сәйкес «Ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестіктігін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.01.2015 жылғы № 7-1/69 Бұйрығын қараңыз
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.07.2015 жылғы № 567 Қаулысымен (31.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.08.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндiруге байланысты қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты ветеринариялық-санитариялық сараптауға байланысты қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып белгіленсін.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 545 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 22, 251-құжат);
2) «Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 545 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1714 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 17, 276-құжат).
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысымен бекiтiлген
Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
Талаптар мен тізбе күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.07.2015 жылғы № 567 Қаулысымен (31.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.08.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия