Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желiсiне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы N 909 қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1470 Қаулысымен (19.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 623 Қаулысына сәйкес
«Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы телекоммуникацияларының желiлеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.01.2015 жылғы № 71 Бұйрығын қараңыз
Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1470 Қаулысымен (19.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желiсiне қойылатын талаптар бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1470 Қаулысымен (19.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желiсiне қойылатын талаптар
Талаптар өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.03.2010 жылғы № 191 Қаулысымен (27.08.2004 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.03.2010 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Талаптар өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.12.2012 жылғы № 1620 Қаулысымен (10.03.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.02.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Талаптар өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1470 Қаулысымен (19.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) iшкi аймақтық бастапқы желi (бұдан әрі – IаБЖ) – ОПТЖ бiр нөмiрлеу аймағының әртүрлi жергілiкті бастапқы желiлерiнiң үлгілік тарату арналарының өзара қосылуын қамтамасыз ететiн бастапқы желiнiң бiр бөлiгi;
3) туынды байланыс желiсi – бастапқы желi, коммутация станциялары мен тораптары немесе ауыстырып қосу станциялары мен тораптары негізiнде құрылған және екi немесе одан көп белгiлi бiр нүктелер арасында байланыс ұйымдастыруға арналған туынды желiнiң жолдары мен арналарының жиынтығы. Туынды желiнiң абоненттiк шеткi құрылғылармен түйiскен жерi осы желiнiң шекарасы болып табылады;
4) тарату арнасы – жиiлiк жолағында немесе осы тарату желiсiне тән тарату жылдамдығымен телекоммуникациялық сигналдардың желiлiк станциялар, желiлiк тораптар арасында немесе желiлiк станция мен желiлiк торап арасында, сондай-ақ желілiк станция немесе желілiк торап пен бастапқы желiнiң шеткi құрылғысы арасында берiлуiн қамтамасыз ететiн техникалық құралдар мен тарату ортасының кешенi;
7) телекоммуникация (электр байланысы) арнасы – тiзбектi түрде қосылған арналар мен туынды желi жолдарында құрылған, оның соңына абоненттік шеткi құрылғылар қосылған кезде хабарламаның беру көзiнен алушыға берiлуiн қамтамасыз ететiн телекоммуникациялық (электр байланысы) сигналдардың өту жолдары. Байланыс желiсiнiң түрiне қарай телекоммуникация арнасына: телефондық немесе телеграфтық арна, деректер беру арнасы және басқа атау берiледi. Аумақтық белгiсi бойынша телекоммуникация арналары халықаралық, қалааралық, аймақтық, жергілікті болып бөлiнедi;
9) арналардың коммутациясы – арналар мен байланыс жолдарының жүйелі қосылысын қамтамасыз ететiн станциядағы немесе желi торабындағы операциялар жиынтығы;
10) пакеттердiң коммутациясы – хабарламалардың (пакеттердiң) бөлігін (бөлiк) қабылдаудан және ондағы адрестік белгiге сәйкес олардың бағытталуынан және оларды беруден тұратын станциядағы немесе желi торабындағы операциялар жиынтығы;
11) хабарламалардың коммутациясы – толық хабарламаны, оның жинақталуын қабылдаудан және ондағы адрестiк белгiге сәйкес олардың бағытталуынан және оларды беруден тұратын станциядағы немесе туынды желi торабындағы операциялар жиынтығы;