Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.10.2015
Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1448 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 1 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 11.09.2015 жылғы № 771 Қаулысына сәйкес
«Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 24.04.2015 жылғы № 280 Бұйрығын қараңыз
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1) «Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының    Премьер-Министрі    С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1448 қаулысымен
бекітілген
«Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге өткізген сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш білдірген кезде – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын өткізу үшін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды.
Полная версия
ИС BestProfi