Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 08.05.2020
Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 280 бүйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 маусымда № 11362 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 8 мамырдан бастап ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 09.04.2020 жылғы № 370 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 10.10.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) «Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттiк қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
инвестициялар және даму министрі
__________ Ә. Исекешев
2015 жылғы «_____» ________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі
___________ Е. Досаев
2015 жылғы 16 мамыр
Полная версия
ИС BestProfi