1. «Аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі.
Внимание! Документ утратил силу с 08.05.2020
Документ показан в демонстрационном режиме!
«Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 8 мамырдан бастап ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 09.04.2020 жылғы № 370Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 21.01.2016 жылғы № 23 Бұйрығына сәйкес (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап) 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 02.06.2017 жылғы № 364 Бұйрығына сәйкес (21.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
4-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 21.01.2016 жылғы № 23 Бұйрығымен (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап) 4-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 02.06.2017 жылғы № 364 Бұйрығымен (21.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 06.09.2019 жылғы № 970 Бұйрығына сәйкес (02.06.2017 ж. реадкцияны қараңыз) (өзгерту 10.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
лицензия беру – 4 (төрт) жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні;
заңды тұлға-лицензиат бөліну, жеке шығу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде лицензияны қайта ресімдеу – 4 (төрт) жұмыс күні;
лицензияның телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар алынған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмауы және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар болуы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Полная версия