Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.08.2015
Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1557 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 22 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 07.08.2015 жылғы № 620 Қаулысына сәйкес
«Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» ҚР Әділет министрінің 24.04.2015 жылғы № 232 Бұйрығын қараңыз
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6–бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1) «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) «Нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1557 қаулысымен
бекітілген
«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
аттестаттаудан өткізу қажеттілігіне қарай жүзеге асырылады, бірақ тоқсанында кемінде бір рет;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсету үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут.
Полная версия
ИС BestProfi