Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 28 қаңтардағы
№ 34 қаулысымен
бекітілген
«Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 751 Қаулысына сәйкес
«Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын қараңыз
1. «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты – 10 (он) минут;
3) рұқсат берілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 10 (он) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не ұсынылған материалдарды қайтара отырып, қағаз тасығышта берілетін қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
Тіркеу алымы заңдық мәнi бар iс-қимылдар жасалатын және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды беретін жерде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тіркеу алымын төлеу күніне қолданылатын 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 456-бабында белгіленген төлемнің мөлшері мен күнін растайтын төлем құжаттарын беретін Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді.
Алым сомасы белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және салық салу объектісінің тіркелген жері бойынша тіркеуші органға тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді.
Тіркеу алымын төлеу үшін қажетті банктік деректемелер осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетелетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Полная версия
ИС BestProfi