Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 5-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 22.01.2016
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 06-7/179 Бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 22 қаңтардан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 29.12.2015 жылғы № 12 Бұйрығына сәйкес
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/33 «Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 8381 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 98 (28037) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестілеу ұйымдастыру ережесінде:
15-18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Тестілеуге Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 13-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінде және екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.
16. Тестілеуге қатысу үшін «Б» корпусына үміткерлер «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің халыққа қызмет көрсету орталықтарына (бұдан әрі - қызмет көрсету орталықтары), сондай-ақ уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне жүгіну жолымен осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысандағы өтінішті тапсырады.
«Б» корпусына үміткерлер тестілеуге қатысу үшін құжаттарды «электрондық үкімет» веб-портал арқылы тапсыруға қатысты ақпарат пен қеңесті халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сондай-ақ уәкілетті органда немесе оның аумақтық бөлімшесінде ала алады.
17. «Б» корпусына үміткер тестілеудің күнін және уақытын тестілеу өткізуге бар бос орындар негізінде таңдайды.
18. «Б» корпусына үміткерден тестілеуге қатысу үшін құжаттардың қабылданғаны «электрондық үкімет» веб-порталында қалыптастырылатын осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысанда тестілеу күні, уақыты және өту орны көрсетілген қолхатпен расталады.»;
20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«20. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің лауазым санаттары үшін қарастырылған бағдарлама бойынша тестілеу нәтижелері тестілеу өткізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды.
21. Тестілеуден өту кезінде шекті мәннен төмен баға алған «Б» корпусына үміткерлер қайта тестілеуді алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап үш айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Тестіленуші адамдарға басқа адамдармен сөйлесуге, материалдармен алмасуға, қағаз немесе электрондық түрдегі ақпараттарды қолдануға, орын-жайды тастап кетуге тыйым салынады. Тестіленуші адамдардың қабылдайтын-беретін электрондық құрылғылары (оның ішінде қалталық дербес компьютерлер және өзге де электрондық жабдықтар) тестілеуді өткізу уақытында өшіріледі.
Тестіленуші адам осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптарын бұзған жағдайда әкімші осындай адамның тестілену процесін тоқтатады және оны тестілеу үшін орын-жайдан шығарып жібереді. Бұл ретте әкімші осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысандағы Тестілеу ережелерін бұзу туралы актіні (бұдан әрі - акт) толтырады.
Ережені бұзған адамның тестілеу нәтижесі жойылады.
Акт толтырылған адамдар қайта тестілеуді акт толтырылған күннен бастап алты айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді.»;
27-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Полная версия