Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.01.2016
Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 20 наурызда № 8380 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 22 қаңтардан бастап ҚР  Мемлекеттік қызмет істері министрінің 29.12.2015 жылғы № 12 Бұйрығына сәйкес
Редакция 11.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 14-бабына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса берілген Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
2. Тізілімге сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Агенттіктің Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімі (Т.Қ. Жұмағұлов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялау күнінен бастап, бірақ 2013 жылдың 26 наурызынан ерте емес қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының
2013 жылғы 19 наурыздағы 06-7/32
бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары
Осы Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс (бұдан әрі – конкурс) өткізудің және мемлекеттік органдарда конкурс комиссиясын қалыптастырудың шарттары мен тәртiбiн айқындайды және «Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 14-бабынасәйкес әзiрлендi.
1. Конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзу конституциялық құқығын қамтамасыз етедi.
2. Конкурсты «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдары бар (бұдан әрі – бос лауазымдар) мемлекеттік органмен лауазымдардың тиісті санаттарына резервшiлер тiзiмi қаралғаннан кейiн өткiзіледi.
3. Конкурс жариялаған мемлекеттiк орган бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға iрiктеудi жүзеге асыру үшін конкурс комиссиясын қалыптастырады.
4. Конкурс комиссиясының шешiмi бос лауазымға орналасудың немесе мұндай лауазымға орналастырудан бас тартуға негiз болып табылады.
5. Мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, жарияланған конкурс оның өткізудің кез келген кезеңінде ол туралы міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланып тоқтатылуға тиіс.
2. Конкурс өткiзудiң шарттары мен тәртiбi
1) «Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 10-бабы 4-тармағында, 13-бабының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес;
Полная версия
ИС BestProfi