Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалану және қолдану қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1452 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 750 Қаулысына сәйкес
«Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалануға беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 23.02.2015 жылғы № 131 Бұйрығын қараңыз
Редакция 04.02.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 30) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалану және қолдану қағидасы бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасында мұнай операцияларын жүргізу кезінде жасанды аралдар, бөгеттер, ғимараттар мен қондырғылар құрылысына және оларды пайдалануға рұқсат берудің тәртібі мен шарттары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымдағы № 772 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 252-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                             К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1452 қаулысымен
бекітілген
Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалану және қолдану қағидасын бекіту қағидасы
1. Осы Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалану және қолдану қағидасын бекіту қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы » (бұдан әрі - Заң), 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы », 2002 жылғы 17 қаңтардағы «Теңізде жүзу саудасы туралы », 2002 жылғы 3 сәуірдегі «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы », 2004 жылғы 9 қарашадағы «Техникалық реттеу туралы » заңдарына, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне және «Мұнай операцияларымен байланысты жер үсті және теңіз өндірістік объектілерін салу қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1335 қаулысына сәйкес әзірленді.
2. Қағида жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ теңізде жүргізілетін мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалану және қолдану тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган - геологиялық зерттеу, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және бақылау жөніндегі функцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган - қоршаған органы қорғау және табиғат пайдалану саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру мәселелері жөніндегі басшылық пен салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ оның аумақтық органдары;
3) құзыретті орган - мұнай мен газ саласындағы уәкілетті орган;
4) мердігер - теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған мердігерлік шартына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы тартқан жеке немесе заңды тұлға;
5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
6) теңіз құрылысын салуға немесе орналастыруға рұқсат - белгілі бір учаске шегінде өтініш берушіге оның теңіз құрылысын салу және орналастыру ниетін іске асыру құқығын беретін құзыретті органның жазбаша рұқсаты;
7) өтінім беруші - теңіз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға арналған рұқсат алу үшін уәкілетті органға өтініш беретін тұлға;
Полная версия
ИС BestProfi