Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ішкі нарықта тауарлық және сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 29 маусымдағы № 884 және "Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 3 наурыздағы № 238 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 ақпандағы № 77 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 754 Қаулысына сәйкес
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 03.04.2015 жылғы № 196 Қаулысымен (11.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.04.2015 № 71(28549) жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) «Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 238 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 13, 93-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесінде:
мынадай мазмұндағы 7-2-тармақпен толықтырылсын:
«7-2. Тауарлық газға баға белгілеуге қатысты табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітетін реттелетін нарық субъектілерінің тауарлық газға бағаларды есептеу әдістемесіне сәйкес тұтынушылардың топтары бойынша әртүрлі баға деңгейін белгілеуге жол беріледі.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Полная версия