Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.12.2015
Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 28.11.2015 жылғы № 960 Қаулысына сәйкес
«Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 17.03.2015 жылғы № 212 Бұйрығын қараңыз
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1102 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 54, 782-құжат);
2) «Мемлекеттік мүлікті есепке алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 391 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 28, 425-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2014 жылғы 13 ақпандағы
№ 88 қаулысымен
бекiтiлген
Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалға алуға (жалдауға) беру қағидалары
1. Осы Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалға алуға (жалдауға) беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру тәртібін айқындайды.
Мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарын мүлiктiк жалға алуға (жалдауға) беру Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 маусымдағы № 613 қаулысымен бекітілген Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін өтеулі уақытша пайдалануға (жалдауға) беру Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру шартын жасасу ерекшеліктері «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.
Өндірістік қызметті ұйымдастыру және көрсетілетін қызметтер саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және өздері алып отырған жер учаскелерін кейіннен өтеусіз меншікке бере отырып, мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру «Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып отырған жер учаскелерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 243 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мүлiктiк жалдау (жалға алу) объектісі (бұдан әрі – объект) – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне бекітілген мүлікті, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери мүлкін және пайдаланылмайтын әскери мүлкін қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі жылжымалы және жылжымайтын мүлік (заттар).
Ақша, бағалы қағаздар және мемлекеттің мүліктік құқықтары мүлiктiк жалға алуға (жалдауға) беру шартының объектісі (нысанасы) бола алмайды;
2) тендер – бұл жалға беруші өзі ұсынған бастапқы шарттар негізінде жалға беруші үшін ең жақсы шарт талаптарын ұсынатын тендерге қатысушылардың бірімен шарт жасасуға міндеттенетін объектілерді мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру жөніндегі сауда-саттық нысаны;
Полная версия
ИС BestProfi