Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 960 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2015 жылғы 28 қарашадағы
 № 960 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгі шартын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 шілдедегі № 873 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 50, 680-құжат).
2. «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қарашадағы № 1353 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 3, 57-құжат).
3. «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 6, 58-құжат).
Полная версия
ИС BestProfi