Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасының кедендік баж ставкалары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 520 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 24 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 15.10.2015 жылғы № 829 Қаулысына сәйкес
Редакция 17.03.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының тауарлардың жекелеген түрлеріне кедендік әкету баждарының ставкалары бекітілсін.
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1598 Қаулысымен (05.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі ай сайын, айдың 20-күніне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетін келісімшарттардың деректемелерін және әкетілетін шикізаттың көлемін көрсете отырып (келісімшарттар бойынша бөліністе), жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша өндірілген шикі мұнайды әкетуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы хабардар етсін.
Осы Қаулы 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1598 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 2-1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.09.2014 жылғы № 1046 Қаулысымен (28.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-2. Осы қаулыға 2-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мұнай шикізатының әлемдік нарығындағы бағалар мониторингін (бұдан әрі - бағалар мониторингі) жүзеге асырсын және ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне мұнай шикізатының орташа нарықтық бағасы туралы деректер берсін.
Осы Қаулы 2-2-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1598 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 2-2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.09.2014 жылғы № 1046 Қаулысымен (28.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі ай ішінде:
Осы Қаулы 2-3-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1598 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 2-3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.09.2014 жылғы № 1046 Қаулысымен (28.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi беретін шикi мұнайға орташа нарықтық баға туралы деректер негiзiнде мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баж ставкалары есебін жүзеге асырсын;
2) қажет болған жағдайда, мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баж ставкаларының мөлшерін өзгерту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын әзірлесін.
3. Кедендік баждарды өзгерту және бекіту сыртқы сауда тиімділігінің көрсеткіштеріне, әлемдік нарықтың конъюнктурасына байланысты және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерге сәйкес жүргізіледі деп белгіленсін.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.09.2014 жылғы № 1046 Қаулысымен (28.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Кедендік баждардың ставкаларын қайта қарауға арналған өтінімдер осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысандар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жіберіледі.
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.
5. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 520 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының тауарлардың жекелеген түрлеріне кедендік әкету баждарының ставкалары
Ставкалары өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 788 Қаулысымен (15.10.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Ставкалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1598 Қаулысымен (05.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Ставкалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.03.2014 жылғы № 211 Қаулысымен (31.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Ставкалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.07.2014 жылғы № 833 Қаулысымен (11.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Ставкалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.09.2014 жылғы № 1046 Қаулысымен (28.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Ставкалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.03.2015 жылғы № 145 Қаулысымен (30.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.03.2015 жылғы № 52 (28530) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
СЭҚ ТН коды |
Тауардың атауы1 |
өлш. бір. |
Тауарларға қатысты кедендік баж ставкасы |
Маусымдық кедендік баж ставкасы |
|
Қазақстан Республикасының шегінен тыс әкету2 |
ЕСАШ-ға қатысушы елдерге әкету3 |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
2709 00 900 9 6 |
Шикі мұнай |
- |
60 доллар |
60 доллар |
|
2710 124 |
Жеңіл дистилляттар және өнімдер |
- |
168,88 доллар |
168,88 доллар |
|
2710 19 110 0, |
Орташа дистилляттар |
- |
168,88 доллар |
168,88 доллар |
|
2710 19 420 0, |
Ауыр дистилляттар: дизель отыны |
168,88 доллар |
168,88 доллар |
1 тонна үшiн |
|
2710 20 110 07, |
Ауыр дистилляттар: газойлдар: өзге де мақсаттар үшін |
- |
60 доллар |
60 доллар |
1 тонна үшін |
2710 19 310 07, |
Ауыр дистилляттар: газойлдар |
- |
60 доллар |
60 доллар |
|
2710 19 510 17, |
Ауыр дистилляттар: сұйық отын |
- |
60 доллар |
60 доллар |
|
2710 19 620 17- |
Ауыр дистилляттар: сұйық отындар: өзге де мақсаттар үшін Мазуттар |
- |
60 доллар |
60 доллар |
1 тонна үшін 15 евро 15 мамыр - 15 тамыз аралығында |
2710 19 710 07, |
Жағармайлар: өзгелері |
- |
60 доллар |
0 |
|
2710 91 000 07, |
Өңделген мұнай өнімдері |
- |
60 доллар |
0 |
|
2712 90 990 07 |
Өзгелері |
— |
60 доллар |
0 |
|
2713 20 000 07, |
Мұнай битумы; битумдандырылған жыныстардан алынған мұнайды немесе мұнай өнімдерін өңдеуден қалған өзге де қалдықтар |
- |
60 доллар |
60 доллар |
1 тонна үшін 15 евро 15 қазан - 15 сәуір аралығында |
2715 00 000 07 |
Битум қоспалары |
- |
60 доллар |
0 |
|
4101 |
Ірі қара малдың (буйволдарды қоса алғанда) немесе жылқы тұқымдас (өзге әдіспен буланған немесе тұздалған, кептірілген, пикелденген немесе консервіленген, бірақ пергаментке келтіріліп иленбеген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жануарлардың түгі бар немесе түксіз, бүлінген немесе бүлінбеген, өңделмеген терілері |
дана |
1 тонна үшін 500 евро |
20, бірақ 1 тонна үшін 200 евродан кем емес |
|
4102 |
Қойлардың немесе қозылардың (өзге әдіспен буланған немесе тұздалған, кептірілген, пикелденген немесе консервіленген, бірақ пергаментке келтіріліп иленбеген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жануарлардың жүні бар немесе жүнсіз, бүлінген немесе бүлінбеген, өңделмеген терілері, осы топтағы 1в түсіндірмеде алынып тасталғаннан басқа |
дана |
1 тонна үшін 500 евро |
20, бірақ 1 тонна үшін 200 евродан кем емес |
|
4103 |
Түкті немесе түксіз (өзге әдіспен буланған немесе тұздалған, кептірілген, пикелденген немесе консервіленген, бірақ пергаментке келтіріліп иленбеген), бөлінген немесе бөлінбеген өңделмеген өзге де терілер, осы топтағы 1б немесе 1в түсіндірмелерде алынып тасталғандардан басқа |
дана |
1 тонна үшін 500 евро |
20, бірақ 1 тонна үшін 200 евродан кем емес |
|
5101 |
Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған жүн: |
- |
10, бірақ 1 тонна үшін 50 евродан кем емес |
10, бірақ 1 тонна үшін 50 евродан кем емес |
|
5102 |
Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған, биязы немесе қылшықты, жануарлардың қылы: |
10, бірақ 1 тонна үшін 50 евродан кем емес |
10, бірақ 1 тонна үшін 50 евродан кем емес |
||
5103 |
Иіру қалдықтарын қосқанда, бірақ ыдыратылған шикізатты қоспағанда, жануарлардың жүнінің немесе биязы немесе қылшықты қылының қалдықтары: |
10, бірақ 1 тонна үшін 50 евродан кем емес |
10, бірақ 1 тонна үшін 50 евродан кем емес |
||
5104 00 000 0 |
Жүннен немесе жануарлардың биязы немесе қылшықты қылынан ыдыратылған шикізат |
- |
10, бірақ 1 тонна үшін 50 евродан кем емес |
10, бірақ 1 тонна үшін 50 евродан кем емес |
|
7204 |
Қара металдардың қалдықтары мен сынықтары; қайта балқытуға арналған қара металдардың құйма металдары (шикі құрамды құйма металдар): |
- |
15, бірақ 1 тонна үшін 20 евродан кем емес |
15, бірақ 1 тонна үшін 20 евродан кем емес |
|
7302 |
Темір жол немесе трамвай жолдары үшін пайдаланылатын, қара металдардан жасалған бұйымдар: рельстерді біріктіру немесе бекіту үшін арналған рельстер, жанама рельстер және тісті рельстер, ауыстырылатын рельстер, қатаң қиылысу айқастырмалар, ауыстырылатын штангалар және өзге де көлденең қосылғыштар, шпалдар, түйіспе жапсырмалар және төсемдер, сыналар, тірек тақталар, ілмекті рельс бұрандамалары, төсемдер мен кергіштер, тұғырлар, жақтаулар және өзге де бөлшектер: |
- |
20, бірақ 1 тонна үшін 20 евродан кем емес |
20, бірақ 1 тонна үшін 20 евродан кем емес |
|
7404 00 |
Қалдықтар және мыс сынықтары: |
- |
30, бірақ 1 тонна үшін 330 евродан кем емес |
30, бірақ 1 тонна үшін 330 евродан кем емес |
|
7601 |
Өңделмеген алюминий: |
||||
7601 20 |
- алюминий қорытпалары: |
||||
7601 20 100 |
- - бастапқы: |
||||
7601 20 100 1 |
- - - авиациялық қозғалтқыштарды жасау үшін |
- |
15, бірақ 1 тонна үшін 100 евродан кем емес |
15, бірақ 1 тонна үшін 100 евродан кем емес |
|
7601 20 100 9 |
- - - өзгелері, алюмо-бериллий лигатурасынан басқа |
- |
15, бірақ 1 тонна үшін 100 евродан кем емес |
15, бірақ 1 тонна үшін 100 евродан кем емес |
|
- - қайталама: |
|||||
7601 20 910 0 |
- - - құйма немесе сұйық түрдегі |
- |
3 %, бірақ 1 тоннасы үшін 22 евродан кем емес |
3 %, бірақ 1 тоннасы үшін 22 евродан кем емес |
|
7602 00 |
Алюминий қалдықтары мен сынықтары |
- |
15, бірақ 1 тонна үшін 100 евродан кем емес |
15, бірақ 1 тонна үшін 100 евродан кем емес |
|
86078 |
Теміржол локомотивтерінің немесе трамвайдың моторлы вагондарының немесе жылжымалы құрамның бөліктері |
- |
20 %, бірақ 1 тоннасы үшін 15 евродан кем емес |
20 %, бірақ 1 тоннасы үшін 15 евродан кем емес |
Ескертпе:
Ескертпе өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.07.2014 жылғы № 833 Қаулысымен (11.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Ескертпе өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.03.2015 жылғы № 145 Қаулысымен (30.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.03.2015 жылғы № 52 (28530) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды