Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.04.2015
«Құрылыс салудың аумақтық ережелерін әзірлеудің қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 603 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің 2014 жылғы 10 қаңтардағы № 3/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 13 ақпанда № 9145 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 21 сәуірден бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.03.2015 жылғы № 238 Бұйрығына сәйкес
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 140-р өкіміне сәйкес бұйырамын :
1. «Құрылыс салудың аумақтық ережелерін әзірлеудің қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 603 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8267 болып тіркелді, 2013 жылғы 17 қазандағы «Егемен Қазақстан» газетінде № 233 (28172) жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрылыс салудың аумақтық ережелерін әзірлеудің қағидасында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Аумақтық ережелерде оларды әзірлеген кезде елді мекендер аумағының, құрылыс салудың, оларда мәдени, тарихи сәулет-қала құрылысы мұрасын және табиғи ландшафтын сақтаудың өзіндік ерекшеліктерін ескеру туралы талаптар болуға тиіс.».
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті (С.М. Дембай):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi