Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1394 қаулысымен бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 3 маусымдағы № 135-ө бұйрығы
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.04.2013 жылғы № 187-ө-н Бұйрығына сәйкес (03.06.2008 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 20.01.2016 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 16-тармағы 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.04.2013 жылғы № 187-ө-н Бұйрығына сәйкес (03.06.2008 ж. редакцияны қараңыз)
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1394 қаулысымен бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.04.2013 жылғы № 187-ө-н Бұйрығына сәйкес (03.06.2008 ж. редакцияны қараңыз)
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 1942 қаулысымен бекітілген Қызметкерлердің орташа жалықысын есептеудің тәртібі туралы нұсқаулыққа Түсіндірмелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2001 жылғы 22 маусымдағы № 120-ө бұйрығының күші жойылған деп танылсын.
жариялау үшін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Вопросы труда и социального обеспечения» бюллетеніне жіберсін, сондай-ақ Министрліктің веб-сайтына орналастырсын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1394 қаулысымен бекітілген Қызметкерлердің орташа жалақысын есептеудің бірыңғай ережесін қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
1. Осы Әдістемелік ұсынымдарда Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 136-бабы 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1394 қаулысымен бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін (бұдан әрі - Ұсынымдар) қолдану жөнінде түсіндірулер жазылған.