Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.09.2015
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 5 наурыздағы № 149 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.09.2015 жылғы № 724 Бұйрығына сәйкес
Редакция 08.01.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 8-бабының 3-тармағына, «Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына  және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тарифтерді құру жөніндегі комиссиясының 2012 жылғы 17 ақпандағы № 9 хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 08.01.2013 жылғы № 11 Бұйрығымен (05.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
2) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 08.01.2013 жылғы № 11 Бұйрығымен (05.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Республикалық бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде көрсетілген медициналық көмектің сапасын және көлемін бақылау, стационарлық және стационарды алмастырушы медициналық қызметке және амбулаториялық-емханалық көмекке ақы төлеу үшін құжаттарды қалыптастыру қағидасындағы :
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес сапасы бақылауға жататын жағдайлардың тізімі;»;
мынадай редакциядағы абзацпен толықтырылсын:
«осы Қағидаларға 6-1-қосымшасына сәйкес есепті кезеңде және одан кейінгі кезеңдердегі қайтыс болу жағдайларының тізімі.»;
19-тармақ  мынадай редакциядағы бөліммен толықтырылсын:
«осы Қағидаларға 16-1-қосымшасына сәйкес процесстің тиісті қатысушылары жүзеге асырған емделген жағдайлардың көлемдерін бақылау нәтижелері бойынша соның ішінде процесстің барлық қатысушыларымен көлемді бақылау нәтижесі бойынша ішінара автоматтандырылған тәртіпте тізімде ақысы төлеуге және төлемеуге жататын емдеуге жатқызу жағдайлардың тізімі қалыптастырылады.»;
21-тармақ  мынадай редакциядағы бөліммен толықтырылсын:
«осы Қағидаларға 17-1-қосымшаға сәйкес процесстің тиісті қатысушылары жүзеге асырған емделген жағдайлардың сапасы мен көлемін бақылау нәтижелері бойынша соның ішінде процесстің барлық қатысушылары сапа мен көлемді бақылау нәтижесі бойынша ішінара автоматтандырылған тәртіпте Тізімде ақысы төлеуге және төлемеуге жататын емдеуге жатқызу жағдайлардың тізбесі қалыптастырылады.»;
көрсетілген Қағидаларға 4-17-қосымшалар осы бұйрыққа 15-28 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қағидалар осы бұйрыққа 29, 30 және 31-қосымшаларға сәйкес 6-1, 16-1 және 17-1-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы өзгерістер мен толықтырулар 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылатын осы бұйрықтың 1-тармағының 1) тармақшасының жетінші абзацын қоспағанда, 2012 жылғы 1 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы С. Мусинов
Полная версия
ИС BestProfi