Близость слов: Окончание:





Оңалту және банкроттық туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы  № 176-V Заңы
ҚР 27.12.2019 жылғы № 290-VІ Заңына сәйкес бүкіл мәтін бойынша «(активтерін)», «(активтерді)», «(активтері)», «(активтерінің)», «(активтерге)» деген сөздер алып тасталды, «Төлем қабілетсіздігін реттеу», «төлем қабілетсіздігін реттеу», кредиттер (қарыздар)», «кредиттер», «кредит» сөздері «Берешекті қайта құрылымдау», «берешекті қайта құрылымдау»,  «қарыздар», «қарыздар», «қарыз» сөздермен ауыстырылды (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 18.07.2025 жылғы № 215-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.01.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң кредиторлардың талаптарын борышкер толық көлемде қанағаттандыруға қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, берешекті қайта құрылымдау рәсімін, оңалту рәсімін қолдану және борышкерді банкрот деп тану, борышкерді банкроттық рәсімін қозғамай тарату үшін негіздерді белгілейді, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.12.2019 жылғы № 290-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (16.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап өзгертілді ҚР 13.11.2015 жылғы № 399-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.11.2015 жылы № 221 (28699) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап өзгертілді ҚР 16.11.2015 жылғы № 406-V Заңымен (ҚР 22.12.2016 жылғы № 29-VI Заңының өзгерісімен) (13.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2017 жылдан бастап)
1-бап өзгертілді ҚР 07.04.2016 жылғы № 487-V Заңымен (29.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.04.2016 жылы № 67 (28795) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап өзгертілді ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.12.2019 жылғы № 290-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші – жердi пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiретiн; мал шаруашылығының, құс шаруашылығының (оның iшiнде төл өсiруден бастап толық циклді асыл тұқымды), балара шаруашылығының ауыл шаруашылығы өнiмiн, егер осы өнiмдi, оның iшiнде қайта өңделген өнiмдi өткiзуден түсетiн кіріс жылдық кірістің жалпы сомасының елу пайызынан астамын құраса, өндiретiн дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
2) әдейі банкроттық – құрылтайшының (қатысушының), лауазымды адамның, сол сияқты дара кәсіпкердің заңды тұлға немесе дара кәсіпкер банкрот деп танылғанға дейінгі үш жыл ішінде кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару мақсатында мүлікті иеліктен шығару немесе жасыру арқылы жеке мүддесі немесе өзге тұлғалардың мүдделері үшін жасалған әрекеттері;
3) әкімші – істі сотта қарау, сондай-ақ оңалту рәсімін және банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде осы Заңға сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыратын уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар;
4) әкімшілік шығыстар – оңалту рәсіміне немесе банкроттық рәсіміне бастамашылық жасауға және оларды жүргізуге байланысты шығыстар;
5) банкрот – заңды күшіне енген сот шешімімен дәрменсiздiгi белгiленген борышкер;
6) банкроттық – борышкердiң сот шешiмiмен танылған, оны тарату үшін негiз болып табылатын дәрменсiздiгi;
7) банкроттық рәсімі – кредиторлардың талаптарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен банкроттың мүліктік массасы есебінен қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын рәсім;
8) банкроттықты басқарушы – банкроттық рәсімін жүзеге асыру үшін оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті орган тағайындаған адам;
9) борышкер – өзіне қатысты осы Заңда көзделген рәсімдер қолдану үшін негіздер бар немесе қолданылған, дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға (дара кәсіпкер) немесе заңды тұлға;
10) бiртектi кредиторлар тобы – борышкерге қоятын бiрдей талаптары бар және оларды қанағаттандыруда бiр-бірінiң алдында артықшылығы жоқ кредиторлар тобы.
10-тармақша өзгертілді ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңымен (07.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-тармақша өзгертілді ҚР 02.08.2015 жылғы № 342-V Заңымен (22.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
өмiріне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша кредиторлар;
еңбек шарттары бойынша еңбекақы төлеу және өтемақыларды, сондай-ақ Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша, мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектердi төлеу бойынша кредиторлар;
кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша кредиторлар;
салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредиторлар;
9) тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) үлестік құрылысын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері);
4-тармақ 9-тармақшамен толықтырылды ҚР 07.04.2016 жылғы № 487-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.04.2016 жылы № 67 (28795) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9-тармақша өзгертілді ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңымен (16.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10) кредиторлар жиналысының лизинг нысанасын мерзімінен бұрын сатып алу туралы шешім қабылдау жағдайын қоспағанда, лизинг нысанасы;
4-тармақ 10-тармақшамен толықтырылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10-тармақша өзгертілді ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңымен (05.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) банкроттық және (немесе) оңалту туралы іс қозғалған күнге немесе борышкерден қаржы саласындағы қызметпен және (немесе) қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысуға лицензия кері қайтарып алынған күнге дейін, осы күндердің қайсысы бұрын болғанына қарай, бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміледе (мәмілелерде) айқындалған тәртіппен және шарттарда кредиторға берілген қамтамасыз ету төлемақысы енгізілмейді.
4-тармақ 11-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
97-бап. Банкроттың мүліктік массасын түгендеу
1. Уақытша басқарушы, кепілге салынған мүлікті қоспағанда, банкроттың мүліктік массасына түгендеу жүргізеді және түгендеу туралы есепті кредиторлардың алғашқы жиналысына ұсынады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.12.2019 жылғы № 290-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Түгендеу туралы есеп негізінде кредиторлар жиналысы:
1) түгендеу туралы есепті мақұлдау және банкроттықты басқарушыға мүліктік массаны бағалау мен өткізуге кірісуді тапсыру туралы;
2) түгендеу туралы есепті нақтылау және банкроттықты басқарушыға он жұмыс күнінен аспауға тиіс мерзімде қайталап түгендеу туралы есеп беру мерзімін белгілеу туралы шешім қабылдайды.
3. Банкроттықты басқарушы:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.12.2019 жылғы № 290-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ өзгертілді ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңымен (07.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ өзгертілді ҚР 30.12.2022 № 179-VII Заңымен (12.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 03.03.2023 жылдан бастап)
жаңадан анықталған не борышкерге қайтарылған мүлікке қатысты - осындай мүлікті өз қорғауына және бақылауына қабылдаған күннен бастап;
кепілге салынған мүлікке қатысты – кепілді кредитор немесе Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент кепілге салынған мүлікті заттай қабылдаудан бас тартқан не кепілді кредитор немесе Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент осы Заңның 104-1-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде банкроттықты басқарушының ұсынысына жауап ұсынбаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде түгендеу жүргізуге және түгендеу туралы есепті кредиторлар комитетіне ұсынуға міндетті.
98-бап. Банкрот мүлкінің құнын бағалау
98-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.12.2019 жылғы № 290-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Кредиторлардың бірінші жиналысы:
1-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2022 № 179-VII Заңына сәйкес (12.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
уақытша басқарушының түгендеу туралы есебінде көрсетілген мүлікке бағалау жүргізу;
кепілге салынған мүлікті бағалаушыны осындай мүлікке бағалау жүргізуге баға ұсыныстарын берген тұлғалар қатарынан таңдау туралы шешім қабылдайды.
Жаңадан анықталған не мүліктік массаға қайтарылған мүлікке бағалау жүргізу туралы шешімді банкроттықты басқарушының түгендеу туралы есебін қарау кезінде кредиторлар комитеті қабылдайды.
2. Кредиторлардың алғашқы жиналысының немесе комитетінің бағалау туралы шешімінде банкрот мүлкіне бағалау жүргізу мерзімдері және бағалаушыны таңдау тәртібі қамтылуға тиіс.
3. Кредиторлардың алғашқы жиналысының немесе комитетінің шешіміне сәйкес банкроттықты басқарушы тиісті мамандарды тарта отырып, дебиторлық берешекті қоса алғанда, борышкер мүлкіне бағалау жүргізеді.
4. Банкроттықты басқарушы кредиторлар комитетінің шешімі негізінде мүлікті баланстық құны бойынша электрондық аукционға қоюға құқылы.
99-бап. Банкрот мүлкін сату
99-бап өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (16.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
99-бап өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңымен (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
99-бап өзгертілді ҚР 13.11.2015 жылғы № 399-V Заңымен (31.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.11.2015 жылы № 221 (28699) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
99-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.12.2019 жылғы № 290-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi