Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.02.2023
«Талдаудың химиялық және физика-химиялық әдістерін қолдана отырып материалдар құрамы мен қасиеттерін талдау» кәсіби стандартты бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 436 бұйрығы
Осы Бұйрық 2023 жылғы 14 ақпаннан бастап күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.01.2023 жылғы № 60 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған «Талдаудың химиялық және физика-химиялық әдістерін қолдана отырып материалдар құрамы мен қасиеттерін талдау» кәсіби стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті (С.Қ. Есімханов) заңнамада белгіленген тәртіпте мыналарды:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.М. Жақсалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушы А. Рау
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының 
Еңбек және халықты 
әлеуметтік қорғау 
министрі   
____________ Т. Дүйсенова 
2014 жылғы 10 қаңтар
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар Министрінің
міндетін атқарушының
2013 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 436 бұйрығымен бекітілген
«Талдаудың химиялық және физико-химиялық әдістерін қолдана отырып материалдар құрамы мен қасиеттерін талдау» кәсіби стандарты
1. «Талдаудың химиялық және физико-химиялық әдістерін қолдана отырып материалдар құрамы мен қасиеттерін талдау» кәсіби стандарты (бұдан әрі - КС) «Электр энергетикасы саласында пайдаланылатын материалдарды сынау үшін талдаудың физикалық, химиялық,физикалық-химиялық әдістерін жүргізу» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және
1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;
2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;
3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.
1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
Полная версия
ИС BestProfi