Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.10.2015
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ішкі су және теміржол көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 229 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 3 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 11.09.2015 жылғы № 774 Қаулысына сәйкес
Редакция 01.09.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты ;
2) «Кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты ;
3) «Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты ;
4) «Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу және шағын көлемді кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты ;
5) «Кеменiң ипотекасын мемлекеттік тіркеу және кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты ;
6) «Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты ;
7) «Өздігінен жүзетін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiк және куәліктердің телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты  ;
8) «Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден шығару және олардың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
9) «Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден шығару және олардың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
10) «Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты ;
11) «Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
12) «Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу (қайта тіркеу) және Жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімінен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
13) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С. Ахметов
Полная версия
ИС BestProfi